1.Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Жармұхаммед. Уақ тайпасынан шыққан.
2021 жылдын 22 cәуірінде белгілі тұлғамыз өмірден озды.
Көкше қүрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979;
Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984;
Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985;
Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма-портреттер. А., «Жалын», 1988;
Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996;
Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001;
Бәрінің асығы. А., «Жазушы», 2005;
Бұрылыс. А., «Сөздік-словарь», 2007.
Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос— Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Шер», «Бостандықтың басы», «Жалғыз» атты дастандары жариялайды.
2.Аңырақай шайқасы (1729 жылы, кей деректерде 1730 жыл) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40–45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
|