Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет56/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Сағи Жиенбаев (1934–1994) - 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған кенішінде мұғалім болып қызмет істеді. Сол кездері өлеңдері республикалық баспасөзде жариялана бастады. 1956 жылдан бірыңғай әдеби жұмыспен айналысты. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды. Көп жылдар «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарды. Ғазиза Жұбанованың «Еңлік Кебек», Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операларының либреттосын жазған. Бірнеше ән текстерінің авторы. Ақын өлеңдері туысқан халықтар тілдеріне аударылған, шет ел тілдерінде басылған.А.Пушкин, М.Лермонтов, О.Туманян, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Ғамзатов, Д.Кугультинов, М.Қанатов өлеңдерін аударып жеке кітап етіп шығарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.Шығармалары: Қарлығаш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1959; Сыйлық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1960; Дала гүлі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1961; Теңіз сыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1963; Таң алдында. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1964; Менің көршім. Поэмалар. А., «Жазушы», 1965; Қайырлы таң. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; 1966; Ақ толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Ор киік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Алтын қалам. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Жадымдасың, жас күнім. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1972; Әлия. Лирика. Поэма. А., «Жазушы», 1973; Оймауыт. Жырдастандар. А., «Жазушы», 1975; Ақ самал. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976; Құралай салқыны. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Бозторғай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Іңкәр дүние. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1981; Жарық жұлдыздар. Поэмалар. А., «Жалын», 1983; Нан мен тұз. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984; Бақ құсы. Таңдамалы лирика. А., «Раритет», 2002; Алтын қалам. А., «Атамұра», 2003.
2. «Қарттарым, аман сау жүрші» өлеңін мәнерлеп оқу.
Дүниеге келер бір рет,
Дария-кеуде,
Тау-мүсін,
Құрыштан құйған құдірет –
Қарттарым, аман-саумысың?
Өздерің болсаң жанында,
Ел іші жомарт,
Еңселі,
Дән иісі жүрген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі.

Арада жылдар жөңкіліп,
Алыстап кеттім біртіндеп,
Айта алмай ауыз толтырып
«Ассалаумағалейкүм!» – деп.

Өзге бір менде жоқ тілек,
Өздерің көзбен баққаным,
Жайлы жер іздеп кетті деп,
Жазғыра көрме, қарттарым.

Ердім бір сиқыр қаламға,
Шығардым белге жыр көшін.
Болғам жоқ алаң,
Даламда
Әулие қарттар жүргесін.
Жанды ғой бағы даланың,
Сендерге қуат, дем берсін.
Киесі де оның сендерсің,
Иесі де оның сендерсің.

Алдында жүрші көзімнің,
Асылым, алтын қазынам.
Ауыра қалсам, өзіңнің
Пейіліңмен-ақ жазылам.
Сағынтып талай жыр туар,
Оралар әлі-ақ сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым, аман-сау жүрші!

Пәні :

Қазақ әдебиеті

Күні:

06.05.24ж

Сыныбы: 7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» драмасының тілдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.2.4.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдау;

Сабақтың мақсаты:

-шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу,түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Кейіпкер болмысын сипаттап әңгіме жазу.

Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.

ҚБ «Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»



Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.



Сұраққа жауап береді.

ҚБ «Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»




Сабақтың ортасы

.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет