1.Мұғалім түсіндірмесі.
Төлен Әбдіков-жазушы, драматург, аудармашы, хатшы, редактор, сектор меңгерушісі,еуропалық алтын медаль, мемлекеттік cыйлық иегері
2 тапсырма. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу .
Тақырыбы: адамгершілік мәселесі
Идеясы: баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызы .
Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.
1.Әңгіменің басталуы. Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.
2.Дамуы.Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3.Байланысуы. Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары
4.Шиеленісуі. Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
5.Шарықтау шегі. Мазасы кеткен қарт
6.Шешімі.Соңғы үміті орындалмаған қария
7.Қорытынды .Құлазыған көңіл
3 тапсырма.Сатылай кешенді талдау . Кейіпкерлерге мінездеме
Кейіпкерлері
Ерғабыл қарт
Кемпірі
Сапабек (ұлы)
Тома(Келіні)
Жеңіс (немересі)
Ауыл адамдары
Аспандияр (әнші жігіт)
Портрет
Сапабек . Ат жақты, қапсағай сары жігіт .
Тома. Омырау , жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған , топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс . Аяқ-қолы шидей , көзі қитар , алтылар шамасындағы ұл бала.
ВЕНН диаграммасы
Айырмашылығы
|
Ұқсастығы
|
Айырмашылығы
|
Ерғабыл-ауыл тұрғыны, қарт , оқымаған , көп сөйлемейтін қарапайым жан
|
Әкелі –балалы туыстар ,
ер адам , айтқанынан қайтпайтын бірбеткей
|
Сапабек-қала тұрғыны , жас ,оқыған өзімшіл, көп сөйлегіш
|
Достарыңызбен бөлісу: |