Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет37/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
«Арман» өлеңі
Ерте, ерте, ертеде Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.
Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқыды,
Бірге ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет.
"Таңдайымыз өрісті оймен татымақ",
Деп қуана езу тартты атырап,
Ал дарындар медресені тауысты
Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ.
Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,
Екеуіне қараган жұрт сүйсінді,
Отырардың болашағын көргендей,
Отырарда жаны жайқын дария,
Ойы безбен бар еді бір қария.
Сол қария бір күні екі шәкіртті,
Қүрметпенен өз үйіне шақыртты;
- Балақайлар, балапандар, көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім,
Туған жан деп өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.
Мен де танып білсем деп ем,
Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге?
Қане, Дойыл, сен айтшы?
Дойыл айтты: - Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпен де, армен де.
Жалыниіашса өнерімнің өрнегі
Сонау Йемен, Мысыр, Бағдад елдері
Түгел танып жыр ететін тандана,
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай,
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек қой.
Қаншама елмен сауда-саттық жасауға
Соншама елдің тілін білу керек қой
Табу үшін жұрт таппаған айланы,
Көру үшін жұрт көрмеғен пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Тілін таппасаң кім созбайды қол ұшын,
Өнер қажет, білім қажет сол үшін.
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың?
Барымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?
Бірақ Дойыл тұрып алды пандана:
- Арманымды өзгерте алман, жан баба!
- Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды,
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды -
деп қария Дойылмен бір отырған
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды.
Әбу айтты: - Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам гылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бүл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса пешенемнен көрермін.
Мейлі мөңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.
Қарлы боран қыран жолын богер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.
Қарт жымиды: - Бәрекелде, жаз жайраң!
Көл болмаса тояттайды қаз қайдан?!
Біреуіңнің арманыңнан шоиіып ем,
Бірің, міне, еттің лезде мәз-мейрам.
Бірің үшін күрсінумен отермін,
Бірің үшін сүйсінумен өтермін,
Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін.
Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім,
Ал жарайды, батам осы, барыңдар,
Отырарда туған үлы дарындар!
Әжуасын әжіміне жасырып,
Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып,
Жалын еді-ау арманы айқын, өр көңіл,
Екі досты екі арнаға бөлді өмір.
Дойыл солай өзгертпеді шешімін,
Дәулет оған жылдам ашты есігін.
Өнері асқан саудагердің көп өтпей
Бағдад, Мысыр түгел білді есімін.
"Есепсіздің несібесі озар ма?"
Әйелін де баулыды ол со заңға,
Қонаққа арнап асылатын етті де
Өзі салып беріп жүрді қазанға.
Тек байлыққа деген жүтаң сарандық
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Міне осылай жазық дарын, жас тұлға
Ұшырады әбілетті тозғынға.
Саудагерді өзге түгіл
Өзінің
Ұрпақтары кетті үмытып аз жылда.
Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын,
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз - біздің үлы бабамыз
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.
МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА.

Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жж. «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» драмасы көптеген тілдерге аударылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты жинақтары орыс тілінде шықты. Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.


Шығармалары: Бақыт. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Ай туып келеді. Балладалар мен өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Қырандар төбеге қонбайды. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Сенім патшалығы. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1979; Махаббатты қорғау. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1982; Уақыт бедерлері. Балладалар, өлеңдер, поэмалар (орыс тілінде). А., «Жазушы», 1982; Зерде кітабы. Өлеңдер, балладалар, поэмалар (орыс тілінде). А., «Жалын», 1983; Өркениеттің адасуы. А., Жаңа қазақтар. Өлеңдер. А., «Білім», 2001.Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). Оңтүстік Қазақстан (1960-65), Лениншіл жас (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі (Сырдария) 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы (Бақыт) 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың Балладалар (1968), Ай туып келеді (1970), Қырандар төбеге қонбайды (1974), Сенім патшалығы (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Махаббат заңы атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған Жұбайлар жыры, Туған күн кешінде, Гүл дәурен, Мен саған ғашық едім атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық Жалын журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты.
М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,


Заман - терек, адам – соның бұтағы.
Мен туғанда, досым, сенің әкеңнің
Жазылыпты Абай жайлы кітабы.
Менің әкем соны оқып,
Ұзақ түндер отырыпты оңаша,
Бір биікпен табыстым деп тамаша,
Шаттаныпты балаша.
Айқара ашып аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын,
Ниетімді құптар деп,
Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұқтар деп.
Балалар, бұл қай Мұқтар деп ойлайсыңдар?
Ендеше, бүгінгі сабағымызда Мұқтар ақынмен жүздескелі отырмыз.
Армысыз, Мұқтар аға, - деп сабағымызды бастайық. (Ақынның портретін тақтаға ілу)
Сіздердің араларыңызда Мұқтар ақынның өлеңдерін сүіп оқитындарыңыз бар ма? Болса, өзіңізге ұнайтын өлеңінен үзінді оқып жіберсе. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерін оқып едік.
Адал достық – ақын өлеңдерінің өзегі.
Ал Отырар тақырыбына келу себебі – ақын 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Отырарға жақын жердегі Қасқасу ауылында дүниеге келген. (Картаны көрсету). «Отырар» дастаны арқылы туған жер тарихына бойлай отырып, перзенттік парызын өтеді. Ол - өршіл ақын, драмматург, сазгер әрі қоғам қайраткері.
(«Өркениеттің адасуы») 
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – ақынның «Арман» атты поэмасы.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Арман» атты ғажайып сөздің сырына үңілейікші. Арман дегенде сіздердің ойларыңызға тағы қандай сөздер оралады?
Бұл шығарманы оқығандарыңыз бар ма?
Ақын бұл шығарманы неге «Арман» деп атаған? Қай кейіпкер қандай арманға қол созды? Ақын сөзін пайдаланып, мынадай диаграмма арқылы арманшыл кейіпкерлерімізге мінездеме берейік.
Шеңбердің ортасына екі кейіпкерге ортақ қасиеттері, екі жағына жекелік қасиеттерін жазамыз. (Берілген мінездемелерді мәтін арқылы дәлелдеу)
Осы армандарға берген қарияның бағасы қандай? (Осы жұмыстар арқылы мәтін түгел оқып талданады)
Бекіту сұрақтары:

  1. Кімге осы шығарманың қай кейіпкері ұнады? Несімен ұнады?

  2. Ақын екі кейіпкерді қалай бағалап тұр?

  3. Қайсысын дәріптеген? Неге деп ойлайсыңдар?

  4. Әбу еліне қандай пайда келтірді?

Әбу Насыр Әл Фарабидің еңбектерінен жасақталған шағын кітапханамен таныса аласыздар.
Әл Фараби туралы толығырақ білу үшін сіздерге электронды оқулық арқылы өмір дерегін ұсынамын.

  1. Ал Дойыл неге ұнамады? Олда білімге құштар емес пе еді?

Бұл жерде ақын Дойылдың кәсібін емес, мінез-құлқын мінеп тұр. Саудагерлік те өнер. Аулымызда жақсы істерге мұрындық болып жүрген көптеген кәсіпкер аға-апаларымыз да бар. Бұл шығармада адамның кәсібін емес, мінез-құлықтарын салыстырған. Тағы да ақын өлеңдеріне жүгінейік:
Қанатына жан шошынар қару тағып қаралы,
Біздің дарын ғасырымыз қайда асығып барады?
Дарын ғасыр бәсеңдетпей қарқынын,
Қатар демеп келе жатыр безбүйрек пен ұлыны,
Қас-қағымда сейфін тонап кететұғын банкінің
Дарынсыз деп кім айта алар ұрыны?
Қанша дарын өресі тар пенделікке күйттелді,
Кім дарынсыз дей алады Шыңғыс хан мен Гитлерді?
Жайпап өткен жанағанын,
Бірақ олар қара дарын
Елестеткен тек қасірет қараны.
Иә, дарын ең қаскүнем пендеде де болады.
Адамды адам ететұғын саналы
Әсемдікті бағалауға бағытталған жанары,
Ізгілік пен тазалыққа деген іңкәр талабы.
Иә, дарын барлық адамда да болады. Оны ізгілікке қарай бұру әр адамның адамгершілік қасиетіне байланысты. әңгіме дарында емес, дарынның қай арнада өрістеуінде.
Осы шығарманың «Арман» аталуының себебі неде, неліктен екі арманды салыстырып отыр.
Ақын қария арқылы жас ұрпақтың қандай арман иесі болғанын қалайды?
Сендер қандай арман жетегінде жүрсіңдер?
Үйден «Арманымның ақ желкені» деген тақырыпта ой-толғау жазып келеміз.
Бұл шығарма қандай жанр, қандай стильде жазылған?
Бұл шығарманы қалай оқу керек?
Бастан-аяқ бірыңғай дауыспен оқылмайды. Әр кейіпкердің қасиетіне орай дауыс ырғағы да өзгереді.
Қорытынды
Проблемалық сұрақтар:
Білімге көзқарас
Жас ұрпақтың біліммен қарулануға ұмтылысы
«Болашақ» бағдарламасы бойынша дарынды жастардың шетелдерде оқуы
Кейбір жастар жақсы жағдайға қызығып, шетелдерде қалып қойып жатыр. Осыған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?
Үй тапсырмасы:
Міндетті деңгей: Өз қалаулары бойынша поэмадан үзінді жаттау
Мүмкіндік деңгей: Шығармашылық жұмыс: Ой толғау
Бағалау


Пәні :

Қазақ әдебиеті

Күні:

12.04.24ж

Сыныбы: 7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Т.Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі өлеңінің тілдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.1.1.1 жекелеген сөздердің, фразалардың эмотивті мәнін түсіну,
мәнмәтіндегі қызметін ашу;
7.2.4.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдау;

Сабақтың мақсаты:

-жекелеген сөздердің, фразалардың эмотивті мәнін түсініп, мәнмәтіндегі қызметін ашады;
-шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау. Өлеңді жатқа айту.



Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.

ҚБ
«Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»



Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.



Сұраққа жауап береді.

ҚБ
«Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»




Сабақтың ортасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет