Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет42/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Дескриптор:
- көркем мәтінді, пайымдап, мәнерлеп оқиды;
- мәтінге жоспар құрады;
- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені анықтаайды;

- шығарма тіліндегі синоним, архаизм, диалектизм, неологизмдердің қызметін мәнмәтінде анықтайды.





ҚБ «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Жақсы!»
5 балл

Оқу құралдары





Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



Үйге тапсырма: Сыныптан тыс оқу үшін А.Мархабаевтың тағы басқа да фантастикалық жанрдағы әңгімелерінен оқып келу.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Оқушылар 1-10 баллдық жүйе арқылы сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Абділхамит Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»

«Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі».Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты.

Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады.

Планетааралық сыртқы істер басқармасы баспасөз, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді. Сол орбитадағы галактикалық космос станциялар көркейтіліп, олардағы киоскілер саны күн санап өсті. Космофлот зымыран қонған бойда жолаушылар салонының есігі ашылды, екі робот ақсақалды жұмсақ орындыққа жайғастыра отырғызып, жақын жердегі топтың ортасындағы стол жанына апарды. Ұзамай капитан мен қалған нөпірлер жетті. Кездесуге күн аумағындағы планеталардың барлығынан да өкілдер келгенге ұқсайды. Олардың әрқайсысының жанында бір-бірден аудармашы роботтар. «Анау тұрған Нептунның өкілі ғой оның қасында екі роботтың тұрғаны несі, Әәә, жаңа есіме түсті, ұмытып кеттіппін ау,еее бәсе басқалар қызғанып күңкіл шығармай-ақ қойсын. Нептун Жердің екі туып бір қалғаны емес, керек десе қол созым Жердегі бізбен алысып берісіп тұрған Марс та жалғыз аудармашы роботты, оның өзі де аккумуляторы отырып қала беретін кекеш робот, місе тұтады ғой, ал Нептунның тілі бізге жаңадан ғана толық аударылып бітті, оны әлі үйреніп жетіліп болмаған бір роботтың табан астында аударма жасауы қиын».
Планетааралық сыртқы істер басқармасының бастығы құттықтау сөз сөйледі, ол қонақтар тіліне ғана аударылды, бұдан бұрын да басқа планеталардан келушілерге талай айтылып жүрген жаттанды сөз ғой, сондықтан да сөздің ұзын-ырғасымен оқушылар таныс болуға тиіс деген оймен айтып жатуды басы артық деп таптық. Басқарма сөз аяқталған соң ақсақал орнынан тұрды. Ақсақал бұдан бұрын басқа жұлдыздар жүйесіндегі жеті планетамен достық байланыстың бетпердесін ашып берген еді. Қилы қилы тіршілік түрлерін көріп ысылған ақсақал Жермен таныстықты басқаша жолмен жасауды ойлаған екен. Ол зымыран капитанына ым қақты, капитан кейініректе тұрған өзінің екі туысына сыбыр етті, олар шауып барып зымыраннан бір аспап алып шықты. Екеуі қолдасып ақсақалдың алдына әкеліп қойды, аспапқа қол тигізген ақсақал жоқ, оның жанындағы капитан барып аспаптың радиоактивті сәулелерден қорғаныш қабын сыпырып тастады. Бір тетікті бұрап еді, жиналған шаршы топтан анадай қашық жерде ауада төрт бұрышты ақ шел матадай экран құрыла қалды. Капитан енді не бұйырасыз дегендей ақсақалға қарады.

- «Уа қадірменді адамдар!» деп ақсақал енді ғана тіл қатты.

«Ғарыштың сонау бір түкпірінен арнайы сіздер - адамдар бар деп келдік. Бізге өзіміз тәрізді саналы бауырлар керек . Мақсатымыз - солардың түр-түсін көру, адал ниет, достық пейілімізді білдіру, өзіміздің қандай пенде екенімізді аңғарту, сол үшін бейне ленталар әкелдік, мұнда біз тіршілік ететін планетаның дүниеге келгенінен бастап қазіргі күнге дейінгі дамуы толығымен көрсетілген, бұл бейне ленталарға менің өз басымнан қосып аларым жоқ, рақым етіңіздер».

Ақсақал сөз тәмам дегендей орындығына қайта отырды. Аннан бір мыннан бір сырт сырт естіледі, бұл аудармашы роботтардың жұмысы басталды деген сөз. Әр робот өзіне тиесілі өкілдерінің құлағына төніп алып гүбір-гүбір, сыбыр-сыбыр сөйлеп жатыр. Капитан камерасын экранға туралап алып аспабын іске қосты, жұрттың бәрі көз алмай қарауда: қара түнек аспанның ана шетіндегі бір тырнақтай жұлдыз, мына шеттегі екіншісіне қарай жылжыды, екеуінің да қарамы үлкейе берді. Кенет олар жанасар-жанаспастан жарқ еткен сәуле экранды толайым алып кетті, жұрт еріксіз көзін жұмды, жарық сөнді ау деген кезде экранға сығалаған жұрт онда қол басындай жұмыр дене пайда болғанын көрді. Оған аспандағы шаң тозаң, тастар жабысып қарамы ірілене түсті, айналасындағы газдар тығыздала бастады . Көрермен жұрт жалт қарады, қонақтар жаққа қарады.

Бұл не шу? Қонақтар абыр-сабыр, ерсілі қарсылы жүгіріс. Енді экранда ешкімнің жұмысы болған жоқ. Екі роботтың ақсақалды жер бауырлай құлап түскен жерінен көтеріп орындыққа қайта отырғызғанын жіті көздер көріп қалды. Капитан аспапты бір бұрап сөндіріп ақсақалына ұмтылды. Планетааралық сыртқы істер басқармасының бастығы да оның қасына барып қалған екен. Ақсақал: - не болды, не болды дей берді. Маңдайынан суық тер бұрқ етті. Басқа планета өкілі бір бәлеге ұшыраса шатақ қой, ең құрыса Күн жүйесіндегі көрші планетаның бірінен де емес. Көмекшісіне қарай бұйрық айтты: “дәрігерлік жедел көмек келсін” . Көмекші видео фонындағы 03 санын алды, экраннан көрінген қызға: - Нөмірі 14-ші космо флотқа планета аралық сыртқы істер басқармасына жедел көмек керек. Космо медицина ғылымының маманы болсын. Арасында капитан мен басқарма бар топ жұртшылық ненің неден басталғанын білемін - дегенше төбеден бауырында қызыл кресі бар винтолет көрінді. Ол оншақты адымдай жерге қонды, ішінен ақ халатты екі кісі атып шығып бері қарай жүгірді, келе бірі ақсақалдың сол қолының тамырын басып екіншісі маңдайын ұстады, ақсақал басына жармасқан дәрігерге көзін ашып бір сүзіле қарады да қайта жұмды. Капитанның ауызына жалғыз-ақ сөз тізбегі орала берді: - Енді қайттім?

 Қасындағы басқармада үн жоқ. Тек ортасында үшінші адам - аурухана меңгерушісі сөйлемей қалуды қол көрмегендей “- Диагноз қойғасын бірдеңе жасамасақ” деді.

- Диагноз қойылмай ештеңе істеуге болмайтынын онсыз да белгілі ғой, енді қайттік? Ақсақал бүкіл планетамыздың көсемі ғой, ақсақал көзіміз, құлағымыз, миымыз, жүрегіміз ғой, ақсақалсыз планетаның күні қараң ол біздің келешегіміз ғана емес бүгініміз да, ертеңіміз де. Жалпы қарттар біздің өмір гүліміз, әшекейіміз. Өмірде қателік жасасақ соларға қарап түзелеміз, жақсылық жасасақ соларға қарап бағалаймыз. Капитан аурухана меңгерушісінің бөлмесіне ерсілі-қарсылы кезді де жүрді, кенет ойына бірдеңе түсіп кеткендей “сіздер диагноз қоюға қанша уақыт жұмсар едіңіздер” деп сұрады.
« - Қазір ауруханамызда бар медициналық электронды машиналарды түгелдей сол диагнозды анықтауға қостық» - деді меңгеруші. - Көп күте қоймассыздар - деп ойлаймын, енді капитан басқармаға қарады бізге космограмма беруге энергия жағынан қарасасыздар ма? Сіздердің Күн жүйелеріңізге таяуда біздің тұрақты космос станциямыз жүр. Соған хабар беруіміз керек, онда космо медицинамен айналысатын мамандар бар, мүмкін олар жетіп үлгерер» .
«Мәселе күш көмегінде болса оған мүдіріс жоқ деп басқарма қуанып кетті. Аспанның қалаған түкпіріне космограмма жіберуге энергиямыз жетеді . Ол жағы жетеді».

- Ендеше не тұрыс? Капитан аурухана меңгерушісімен қоштасуды да ұмытып басқарманың қолынан жетелей сыртқа тартты. Ақсақалдың ауруы қатты ма, жоқ әлде бүгін ұстап ертең құлан-таза айығып кететін талма ма, кім білген? Әйтеуір оның сырқаттанып қалуына Жер адамдарының сутегі электронындай да кінәсі жоқ екені айдан анық қой, дегенмен осыны өздерінің қара ниеттеріне пайдаланып іштен шалып қалмақ планета да табылды. Ол Сатурн. Әншейіндегі Жердің жасаған әрбір нәрсесіне көңілі толмай кіржіңдеумен жүретін Сатурнның тұрақты өкілі бұл жолы да бір мінез көрсетіп қалыпты. Ақсақал ыңғайсыз жағдайға ұшырап қалған бойда Сатурн өкілі өз еліне қара бояуын молырақ жағып әлгі уақиғаны сипаттаған космограмма жібереді. «Адамдар - эгоисттер, бар билікті өз қолдарына алғысы келеді. Жер басқа жұлдыздар жүйесі планетасының өкілдерін дұрыс қабылдамады. Гомошовинизмге қашан тыйым салынады, күн жүйесіндегі бар планеталар тең праволы болсын» осы тәріздес сөздер Сатурнның келесі күнгі газеттерінде өріп кетті. Сондағы олардың наразылығының түп төркіні күн жүйесі көлемінде жердің бәсін төмендетіп басқа планеталарды оған қарсы айдап салу. Сатурн планетасының өкіметі басындағы аз топтың ұстаған саясатының телевизиядан да, радиодан да иісі аңқып тұр. Көгілдір экрандағы да, эфирдегі де соңғы жаңалық шолушылары микроскоптай кеңістікті да бурантозаврдай зор қып көрсетіп бақты. Ойда жоқта ақсақалдың ауруы күн жүйесі аумағында осындай саяси астар алып кетті. Енді ақсақал ауруын анықтауға бүкіл планетааралық медициналық орталық амалсыз килікті. Ұзақ космостық сапар жасау нәтижесінде ақсақалдың организміне қажетті бір талай элементтер жойылған, қазіргі сәтте пациентке кальций тұзы, тиамин,рибофлавин, аскорбин қышқылы, биотин, паргоминбинзой қышқылы, сонымен қатар түрлі микроэлементтер – мыс, кобальт, марганец, цинк, йод, мышьяк, кремний, бор, ванадий, титан жетпейді. Ақсақал түскен аурухананың медициналық электронды машиналары осындай қорытындыға келді . Кейін оны тексеріп қараған бүкіл планетааралық медициналық орталық растап шықты. Ал орталықтың фармацевтика бөлімшесі дәрі жасауға кірісті. Ұзамай жаңа препарат та пайдалануға берілді.

Қонақтар амалсыздың күнінен шыдап жүрген екен, өздерінің тұрақты космос станциясынан жеңіл зымыранмен әйгілі дәрігер ұшып келгенде жүректері жарыла қуанды. Космофлотқа түскен бойда оны өздері тура ауруханаға апарды. Дәрігер ақсақалды мұқият қарап шықты, шешімінің қате емес екендігіне көзін жеткізу үшін қайта қарап шықты, сонан кейін ем дәрінің рецептісін жасады. Ол аурухана меңгерушісінің кабинетіне кірді. «Мен ақсақалды қарап шықтым, біздің планетада сирек болса да кездесетін ауру, оның организміне құрамында 91,8%-дан 95,6 %-ға дейін суы, 2 % белогы 1,8% дан 2,1%-ға дейін майы, 1,1%-дан 3%-ға дейін көмірсуы да 0,1%-дан 0,8%-ға дейін көмірқышқылы, 0,6%-дан 1,1%-ға дейін сүт қышқылы, 0,5%-дан 2,5%-ға дейін спирті бар дәрі тарту керек . Аурухананың жеке меншігіндегі роботы меңгерушіге дәрігердің сөзін сартылдатып аударып болған ол

«- Біздің де жасап жатқан еміміз осы тәрізді, бірақ дәл осы деп айта алмаймын» деді. «Егер осы рецептіңіз дұрыс, сөзсіз шипа болады десеңіз осы бойынша дәрі дайындайық».

 Дәрігер меңгерушіге бір бүйірін бере терезе жаққа қарап өзімен-өзі күбірлескендей болды. Оның аузынан шыққан әр сөзін аңдып тұрған робот меңгерушіге аударып жатыр. « Әттең өзімізде болғанда ғой. Ақсақалды жеке үйде бағып есік алдына». Осы жерде робот міңгірлеп түсініксіз бірдеңе айтты, сірә әлі Эсперантоға аударылмаған өздерінің термині болар. «Желіге байлап қойып сүтін сауып ақсақал әп-сәтте құлан-таза айығып кетер еді. Халқымызға қайтадан зор медет беріп қуаныш әкелер еді» Меңгеруші оның пікірінің ұшынан айрылып қалды.

- Ненің дедіңіз? Ненің сүтін дедіңіз?

 Дәрігер терезеге қараған күйі бетін бұрмай баяғы өзінің айтып тұрған қалыппен « - Бізде бір ерекше жануар бар, жеке тұяқты, өзі күйіс қайырмайды. Ақсақалдың мың да бір емі - соның сүтінен жасаған сұйық тағам».

Аурухана меңгерушісі дәрігердің соңғы сөзіне онша қарай қоймаса да оның берген рецептісімен қоса күйіс қайтармайтын мал жөніндегі монологын бүкіл планетааралық медициналық орталыққа жеткізіп барды. Ақсақал планетааралық сыртқы істер басқармасының адамдармен ақ ниетпен жылы қоштасып өзі келген зымыранына отырды, роботтардың да сүйемелдеуінен бас тартты.Бойына жаңадан бір күш біткендей жүрісі ширақ, ол ауруханадан жер есебімен екі айда шыққан-ды. Соңғы айында таза емделумен жатты. Ал бірінші отыз күні түгелімен әлгі дәрігер айтқандай күйіс қайыруды білмейтін жарықтық жануарды жер бетін алақтап іздеуге жұмсалды. Еңбек еш болмады, ол табылды.

- Табылды! Біздің планетамызда да бар екен, елден еміс-еміс естігенбіз, бұдан ілгерірек те ол мыңдаған үйір-үйірімен біздің жерде де өмір сүріпті. Қазір бірлі-жарым қалса керек, жоқ болса қайдан табады жоқтан бар жасалынбайды ғой. Бардан жоқ жасалынбаса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет