Сабақтың тақырыбы: Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі



Дата17.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#205979
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жазық тік бұрышты координаталар жүйесі туралы түсінік беру. Карта бойынша координат нүктесін анықтау.

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, карта.

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.

  • Географиялық координат дегеніміз не?

  • Картада параллельдер мен меридиан сызықтар қайда орналасады?

  • Карта бойынша географиялық координаталар қалай анықталады?

  • Географиялық координата бойынша картаға нүкте енгізу тәртібі қандай?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі туралы түсінік. Тік бұрышты координаталық тор. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету. Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Картаға нүктені түсіру.



Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі.

Жазық тікбұрышты координаталар жазықтықтағы координаталар осіне қатысты нүктенің орнын анықтайтын сызықтық шаманы білдіреді.

Топографияда жазық тікбұрышты координаталар жүйесі төмендегідей түрде салынады. Жер шарының беті алты градустық аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады. Олардың есебі Гринвич меридианынан шығысқа қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.




Координаталық аймақтар мен олардың нөмірленуінің сызбасы:

а-Жер пішіні бойынша; ә-координаталық осьтердегі жазылған түрінде.

Абцисса осі х (тік ось) ретінде әрбір аймақта осьтік меридианның бейнесі, ал ордината осьі у (горизонтальді ось) – ретінде экватор бейнесі қабылданады. Олардың қиылысуы – 0, координата басы деп аталады.

ТМД елдері үшін х абциссалары оң шамада, ал у ординатасы – оң да, теріс те шамада болады. Ординатаның теріс шамасын жою үшін әрбір аймақтың меридиандағы осьтік у ордината шамасын 500км-ге тең деп қабылданған яғни х осі батысқы 500км-ге ауысады. Сондықтан да у координатасы осьтік меридианнан шығысқа қарай, ал шамасы 500км-ден кішісі батысқа қарай орналасқан.

Әрбір аймақта тік және көлденең сызықтарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың алғашқысы х осіне, екіншісі у осіне параллель. Бұл тор тік бұрышты координаталық тор деп аталады, картада ол квадраттар жүйесімен көрсетіледі. Оны сондай-ақ километрлік деп те атайды, өйткені сызықтар тұтастай километр саны арқылы жүргізіледі.

Километрлік тор салынған алты градустық аймақ картаның жеке парақтары түріндегі бөлімдерге бөлінеді. Картаның әрбір парағы барлық аймақ үшін бірдей координаталық торлар бөлімдерімен жабылған.

Жақтау сыртына шыға берісте шақырымды тор сызықтарында абцисса және ордтнаталарының шамасы жазылады. Жақтау бұрыштарына таяу координата сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып (соңғы екі саны) жазылады.

Километрлік тор карта бойынша нүктелердің координатасын анықтауға және белгілі координаталар бойынша картаға обьектілерді салуға, дирекциондық бұрыштарды өлшеуге, сондай-ақ обьектілерді көрсету немесе табу үшін қолданылады. Сонымен бірге, тор «көз мөлшерімен» қашықтықты және ауданды бағалауға көмектеседі.

Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету.




Километрлік тордың мәнін жазу үлгісі. Картаға тікбұрышты координаталардың толық және қысқартылған нүктелерін түсірудің мысалы.

Квадраттың оңтүстік-батыс (сол жақ төменгі) бұрышының пункт орналасқан қысқартылған координаталарын атау керек, алдымен х координатасы , ал сонан соң у координатасы аталады. Мысалы, А белгісінің орналасу орнын көрсету керек болса, «Квадрат жетпіс төрт он бес, нысана» деп айтылуы тиіс.

Карта бойынша координата нүктесін анықтау. Масштаб көмегімен берілген нүктеде ол орналасқан квадраттың көлденең жағының сол жақтағы (батыстағы) тік және төменгі (оңтүстіктегі ) нүктесіне дейінгі қашықтық метрмен (перпендикуляр бойынша) өлшенеді. х мәні экватордан квадраттың оңтүстік жағына дейінгі тұтас километрлік мән мен сол жақтан нүктеге дейінгі өлшенген қашықтықтың қосындысынан тұрады. ал у мәні тік сызықтың сандық мәні мен сол сызықтың нүктеге дейінгі метр санынан тұрады. Мысалы, А нысанасының координаталар нүктесі х=74 560; у=15 410.

Картаға нүктені түсіру.

Нүкте орналасуы тиіс координаталар бойынша квадрат анықталады. Табылған квадраттың оңтүстік сызығының бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол квадраттың төменгі жағы мен х нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққы квадраттың батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол квадраттың сол жағы мен у нүктесінің айырымы сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.



Суретте квадраттың х=74 560; у=15 410 координаталары бойынша картаға А обьектісін енгізуге мысал келтірілген.

в) Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Жазық тік бұрышты координаталар дегеніміз не?

  • Тікбұрышты (шақырымдық) координалық тор дегеніміз не?

  • Картада шаршы бойынша пункттің орны қалай көрсетіледі?

  • Берілген мысалдар бойынша картадағы нүкте координаталарын анықтаңдар.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет