Ұғымдар.
Жұмыстың келесі кезеңі – балаларда белгілі бір ұғымдардың қалыптасуы. Оқушылардың айқын және дәл түсініктерінің болуы бұл ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұғымның блгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Біз табиғаттануда ұғымның екі түрімен – географиялық және биологиялық түрлерімен кездесеміз. Географиялық ұғымдарға жеке және жалпы ұғымдар; биологиялық ұғымдарға түр және туыс ұғымдары жатады.
Жеке географиялық ұғымдар – Астана, Алматы, Шымкент сияқтылар.
Жалпы географиялық ұғымдар – өзен, қала, тау.
Биологиялық түр ұғымдары – қоян, шырша, көктікен. Биологиялық туыс ұғымдары жануар, қылқан жапырақты өсімдік, гүлді өсімдік.
Туыс (биологиялық) немесе жалпылама (географиялық) ұғымдарының барлық маңызды белгілері әрбір жеке объектіге, яғни жеке немесе түр ұғымына да қтысты. Бірақ, әрбір объект маңызды туыстық немесе жалпы белгілерден басқа оларды жеке (немесе түрлік) ұғымға жатқызатын өзіндік дербес қасиеттерге де ие болады.
Жұмыс үстінде балалардың назарын жеке географиялық ұғымның жалпы ұғыммен, түр (биологиялық) ұғымының туыс ұғымымен (аю – жануар; шырша – өсімдік;) байланысына аударып отыруы қажет.
2-сыныпта оқушылар биологиялық ұғымдармен қатар жалпы және жеке географиялық ұғымдарды түсініп игереді. Балаларға табиғат заттары мен құбы- лыстары туралы түсінік беріп ұғымдарын қалыптастыра отыра, мұғалім табиғаттағы бақылауларға сүйене отырып, заттардың негізгі қасиеттерін айқындайтын әр түрлі көрнекі құралдар қолданады. Таулар туралы ұғымды қалыптастыруда мұғалім балалардың төбелерді немесе тауларды бақылауларына сүйенеді де, 2 сынып оқушыларының таулар туралы қандай түсініктері бар екенін анықтайды. Осыдан кейін мұғалім «Равнины и горы» деген кинофильмді көрсетеді. Фильмнің мазмұны бойынша мұнан кейінгі әңгімеде ол қабырға суреттерін пайдаланады. Жұмыс мынадай сұрақтардың негізінде құрылуы мүмкін: төбенің қандай бөліктері бар? Таудың қандай бөліктері бар? Төбе мен таудың қандай ортақ белгілері бар? Төбе мен таудың қайсысы биік? Таудың төбеден қандай айырмашылығыбар?
Төбенің таудан негізгі айырмашылығын анықтай отырып, мұғалім балалардың «тау» туралы жалпы түсінігін қалыптастыруға алып барады.
Мұғалім оқушыларға картадан тауларды табуды ұсынады да, соның арқасында «тау» туралы жалпы түсінікті баянды еткендей болады.
3-сыныпта оқушылар материктермен танысқанда ең алдымен олар туралы түсінік алады: содан кейін барып балалардың «материк» деген ұғымы қалыптасады. Глобуспен және жарты шарлар картасымен жұмыс істей отырып, балалар құрлықтың барлық жағынан мұхиттармен қоршалған орасан зор алқаптарын табады, онан соң мұғалімнің материк деп нені айтады деген сұрағына жауап бере отырып, оның анықтамасын береді. Әрі қарай мұғалім үшінші сынып оқушыларын материктердің аттарымен: Евразия, Африка, т.б. таныстырады. Сөйтіп, балалар жалпы ұғымнан соң жеке ұғым алады. Олар әрбір материк қандай мұхиттармен шектесетінін экваторға және бас меридианға орай оны қай жарты шарда жатқанын анықтайды, яғни материктің жеке ұғым ретіндегі дербес ерекшеліктері айқындалады.
Ұғымның мазмұнын дәл ашуды анықтама деп атайды. Кез келген ұғым сөзбен айтылады. Ұғымға байланысты жұмыс әрқашанда балалардың сөздік қорын молайтумен ұштасып отыруы керек.
2-сыныпта мұғалім әр түрлі жануарлар орманда қысты қалай өткізетінін айта келе, бұл жануарлардың қысқа қалай дайындалғанын еске түсіруді ұсынады. Неліктен аю мен борсық қысқа азық дайындамайды? Неліктен түлкі мен қоян да күзде қор жимады? Жануарлардың қайсылары тамақ қорын жинады? Осы және осы сияқты сұрақтарға жауап әр түрлі жануарлардың тіршілік жағдайына бейімделуі туралы оқушылардың ұғымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, сезім мен қабылдаудан түсінікке, ал одан әрі ұғымға дейінгі жол оқушылардың санасында болмысты оның маңызды, заңды байланыстарымен және қатынастарымен қоса толық бейнелеуге баратын жол болып табылады.
IV. Сабақты бекіту
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау
Сабақ барысында көп балл жинағандарына қарай тиісті бағаларын алады.
VІ. Үйге тапсырма
Жекелеген табиғат құбылыстарын қабылдау
Достарыңызбен бөлісу: |