Сабақтың тақырыбы: «Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар»



Дата11.09.2023
өлшемі21.3 Kb.
#477153
түріСабақ
ПРАКТИКА 3

























Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары- 270 мин
Пән: Дерматовенерологиядағы медбикелік іс
Тобы, мамандығы, курсы: ____________________________________________________________
Күні_____________________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: «Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар»
Сабақтың түрі: жаңа практикалық білімді және шеберлікті үйрету.
Оқыту формалары мен әдістері : түсіндіру – көрнекілік және репродуктивті.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б.
Дамытушылық: критикалық, логикалық және клиникалық ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:студенттің адамгершілік қасиеттерін, қарым-қатынасын, нанымын, идеалдарын, эстетикалық сезімін , тәртібі мен еңбек сүйгіштігін қалыптастыру.
Пән аралық және пән ішілік байланыс: «Анатомия», «физиология», «мейірбике ісінің негіздері», « фармакология негіздері», «ішкі ауралар пропедевтикасы», «эпидемиология мен жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі», «Латын тілі».
Жабдықтау:
а) көрнекілігі: кестелер, графикалық құрылымдар, презентациялар, фотосуреттер,
бейнетаспалар.
б) үлестірме материалдары: мейірбикелік технологиялық стандарттар, бақылау сұрақтары, тестілік түрдегі тапсырмалар.
Сабақ өтілетін орын: оқу бөлмесі.
Практикалық сабақты өткізу уақыты – 270 минут
Сабақ барысы
1. Ұйымдастырушылық кезең5 минут: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа катысуын, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Анықтамалық білім жаңарту – 40 мин.
- Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулармен танысу
- Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың алдын алу және емдеу
3. Тәжірибелік іс-әрекеттердің орындалу техникасын түсіндіру және көрсету - 45 мин.
Мерез ,этиологиясы,жіктелуі,клиникалық көрінісі,емі
-Соз,этиологиясы,жіктелуі,клиникалық көрінісі,емі
-Несеп-жыныс жүйесінің зақымдануымен бірге жүретін жұқпалар: хламидиоз, трихомониаз,микоплазмоз,гарднереллез вагинит,жыныс мүшесіндегі ұшық. Этиологиясы,патогенезі, клиникасы, емі, алдын-алу.
Студенттің өзіндік жұмысы өткізу бойынша нұсқау беру - 5 мин
білім алушыларға жұмыс орнын, күтім заттарын және медициналық құралдарды даярлау, қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін түсіндіреді;
әрбір білім алушының меңгеретін тапсырма тізімдерімен таныстырады;
манипуляцияны орындау іс-әрекеттері бойынша әрбір білім алушыларды стандарттармен қамтамасыз етеді ;
әрбір білім алушыға берілген практикалық стандартқа сәйкес, барлық практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін жұмыс істеуге білім алушының көңілін аударады;
орындалатын жұмысқа олардың байсалды көз қараспен қарауын талап етеді;
күнделікпен жұмыс істеуге кепілдеме береді;
білім алушыларға өз бетімен орындайтын жұмыс істеу уақытын және көлемін мәлімдейді.
Өз бетімен жұмыс істеу– 160 минут
Оқытушының жетекшілігімен білім алушылар аз топтарға бөлініп келесі тапсырмаларды орындайды:
стандарт бойынша практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін бірнеші рет қайталап, дәлме-дәл, істін реттілігін есептей отырып істейді
Оқытушы:
білім алушылардың жұмысын бақылайды, өз уақытымен қателіктерін жояды;
білім алушының жіберген қателерін дұрыстап, оларды дұрыс әдіске үйретіп, оқу процесін басқарып отырады;
манипуляцияның орындалу дұрыстығын бақылап, нашар білім алушыны жеке үйретіп, әрбір білім алушының дағдыларды дұрыс орындауына жеткізеді;
Сабаққа қорытындылауды өткізу 10 минут
сабаққа талдау жүргізеді;
әрбір білім алушының жетістіктері мен көрсете алмаған іс-әрекеттерін белгілей отыра баға қояды;
тақырып бойынша, материалды түсінгенін анықтап, білім алушылардың сұрақтарына жауап береді;
білім алушыларға істеген жұмысын түсіндіре отырып, баға қояды;
тақырып бойынша білімін бағалайды;
ең толық жауапты белгілейді;
тақырып бойынша дағдыларды игерудің қорытындысын айтады;
білім алушылардың күнделіктерін толтыруын тексереді;
қорытынды баға қояды.
Үйге тапсырма беру– 5 минут
«Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар» тақырыбын оқуды тапсыру.
Оқытушы: _________
Әдіскер: __________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет