Үйге тапсырма 5 минут
Өтілген тақырыпты оқу және ситуациялық есептер, тесттер құрастыру.
Қолданылған әдебиеттер:
Ішкі аурулар пропедевтикасы Г.М.Есенжанова 39-49 бет
Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы Айтбембет Б.Н. 369-398 бет
Оқытушы___________ Кадебай М.К.
Әдіскер_____________Муханова Р.Б.
Сұқбаттасу. Науқас шағымы.
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруымен науқас шағымы: жүрек тұсының немесе төссүйегінің артқы жағының ауырсынуы, жүректің жиі соғуы (тахикардия), си рек соғуы (брадикардия), шалыс соғуы немесе ретсіз соғуы (аритмия) ентігу, де мікпе, дененің ісінуі, несеп мөлшерінің азаюы, құрсақ көлемінің ұлғаюы, бас ау ру, бас айналу, элсіздік. Жүрек тұсында ауырсыну пайда болғанда науқаспен сұқбаттасып төмендегі белгілерге көңіл аудару керек:
1.ауырсыну симптомының пайда болу себептері.
2.ауырсынудың орналасқан орны (жүрек тұсы, жүрек маңы, төссүйегінің артқы жағы)
3.ауырсынудың нақты сипаты (сығымдау, күйдіру, қысу, сыздау, түйнеу, шаншу)
4.ауырсынудың қамтитын көлемі (иррадиация)
5.ауырсынудың мерзімдік сипаты.
6.ауырсынудың ұзақтығы.
7.ауырсынуды тоқтатып, бәсеңдетуге көмегі тиетін емнің түрі.
Жүрек тұсындағы ауру.(ауру-dolor)
Жүрек тұсындағы ауырсыну сезімі жүрек ишемия ауруларында (стенокар дия, инфаркт), өкпе артериясыньщ тромбоэиболиясында, қатпарлы қолқа аневризма сында, жүрек қабаттары қабынғаңда (перикардит, эндокардит, миокардит), кардионеврозда, пневмония, өкпе туберкулезінде, плевритте, пневмоторакста, өңеш ауруларында (эзофагит, өңештің қатерлі ісігі, өңеш дискинезиясы) сүйек – бұлшық ет жүйесінің патологиясында (остеохондроз, артриттер, артроздар,
миозиттер, қабырғаның жарақаттануы немесе сынуы),қабырғааралық невралгияда, плекситте байқалады. Ауырсыну симптомының пайда болу себебі, орналасқан орны, сипаты, ұзақтығы бойынша жоғарыда аталған әр бір патоло гияға тән ерекшелігі бар.Стенокардия - жүрек ишемия ауруының қауіпті түрінің бірі.Стенокардия ұстамасымен науқаста төссүйегінің артқы жағында қысқан, сығымдаған тәрізді жағымсыз сезім ұстамалы түрде, бірнеше секундтан 5-10 мин дейін пайда болып, сол жақ, мойын, білекті қамтып, науқас жүрісін немесе жұмы сын тоқтатып немесе тіл астына нитроглицерин таб. қойғаннан соң бәсендейді. Ұстамалы ауырсыну жиі науқас жүріп келе жатқанда, физикалық жұмыс кезінде (күштемелік стенокардия), қатты ойланып күйзелгенде, жылы бөлмеден суық кезде сыртқа шыққанда, шамадан артық тамақтаннан кейін, ауасы нашар тар бөлмеде, қорқынышты түс көргенде, кейде тыныштық қалыпта (вазоспастикалық стенокардия) немесе ұйқы кезінде байқалады.Стенокардия ұстамасы кезінде S-T сегментінің өткінші өзгеріске ұшырауымен (төмен деуімен) сипатталады. Стенокардия ұстамасына тән симптомдар жүрек ишемия ауруында ғана емес коронаритте, қолқа ақауларында, гипертрофиялық кардиомиопатияда байқалуы мүмкін.Миокард инфаркты, өкпе артериясының тромбоэмболиясы мен қатпарлы қолқа аневризмасы ауруларында кеуде тұсында кенеттен өте қатты ауырсыну пайда болып, 20 минуттан артық уақытқа созы лады. Миокард инфарктымен науқас жүрегінің тұсында немесе төс сүйегінің артқы жағында күйдіргендей, өте күшті ұстамалы ауырсыну жиі физикалық жұмыстан кейін немесе жүйке күйзелісінен соң пайда болады, ауырсыну сол жақ иық, жауырын, қолға кейде басқа аймақтарға таралады, ұзақтығы 20-30 минутқа, кейде бірнеше сағатқа, тәулікке созылады, нитраттар (нитроглицерин) әсер етпей ді. Ұстамалы аурудың өте күштілігінен науқас аласұрып, кейде тіпті талыпта қа луы мүмкін. Өткір кезеңінде ЭКГ-да өзгерістер анықталады. Инфарктың даму ына тұрақсыз стенокардия себепші болады.Өкпе артериясының тромбоэмболия сы жиі қимыл қозғалысы аз қарт адамдарда, аяқ пен жамбас көк тамырларының т ромбофлебитінде және жыбырлы аритмия да кездеседі.Қат парлы қолқа аневризмасы қолқа өзгеріске ұшырағанда және қан қысымы өте жоғары кез келген жастағы науқаста дамиды.Миокард инфарктында, қолқа аневриз масы мен өкпеартериясының тромбоэмболиясында қан қысымы төмендеп, жүректің жұмыс істеу ритмі бұзылып шок дамуы мүмкін, кейде кенет коронар лық өліммен асқынады.Диагностикасында ЭКГ, қан құрамындағы ферменттер дің белсенділігін анықтау, кеуденің рентгенографиясы, өкпе сцинти графиясы көмек береді.Ерте басталған диагностика әдістерінің тромболизистік терапияны тағайындауда маңызы үлкен. Өз уақытысында тағайындалған тром болизистік терапия миокард инфарктынде, өкпе артериясының тромбоэмболия сында асқынудың алдын алса, ал қатпарлы қолқа аневризмасында тағайындауға болмайды.Перикардитте кеуде тұсындағы ауырсыну қабыну процесімен байланысты, терең тыныс алғанда, жөтелгенде күшейеді, кейде ауырсыну тұрақты, әр түрлі сипатта болады, нитроглицерин әсер етпейді және перикард тың үйкеліс үні естіледі.Жүректің ішкі қабаты мен бүлшық ет қабаты қабын ғанда стенокардиядағыдай ауырсыну өткір, ұстамалы емес, бәсеңдеу болады.
Плевра зақымдалғанда ауырсыну өткір, үстіртін, тыныс алу жөтелмен байланысты, жиі өкпенің зақымдалған аймағының төменгі бөліктерінде орналасады және плевраның үйкеліс шуы естіледі. Кеуде тұсындағы ауырсыну көкірек қуысы қабынғанда (медиастинитте), көкірек қуысының ісігінде, пневмомедиастинумде байқалады. Өңеш патологияларында (эзофагит, өңештің қатерлі ісігі, өңеш дискинезиясы) кеуде тұсындағы ауырсыну төс сүйегінің артқы жағында орналасады және тамақтанумен байланысты пайда болады, ауырсынумен қатар дисфагия қыжыл байқалып, науқас жүдейді. Диагностикасында рентгенологиялық зерттеу, манометрия көмек береді.
Жүйке күйзелісінен туындаған ауырсыну (кардионевроз) көбінесе жүрек ұшында орналасады, тұрақты, басқа аймаққа таралмайды және науқастың көңіл күйімен (эмоциямен) байланысты болады, қатты қимылдағанда бәсеңдейді. Қолқа зақымдалғанда мысалы: мерез салдарынан дамыған мезаортит, қолқа аневризмасы, гипертония ауруынан қолқаның кеңеюі т.б. кеуде тұсындағы ауырсыну стенокардиядағыдай өткір ұстамалы болмайды, тұрақты болып сыздап ауырады. Жүрек ақаулары және басқа жүрек аурулары салдарынан қан
айналым бұзылғанда науқастың оң қабырға асты аймағындаауырсыну сезімі пайда болады. Кеуде тұсындағы ауырсыну сүйек бұлшық ет жүйесінің патологияларында жиі кездеседі. Сүйек бұлшық жүйесіне шамадан тыс ауырлық түсіп, созылмалы процесстер қайталағанда - (артроз, артриттер, остеохондроз), зақымдалған аймақта ауру пайда болып, анальгетик қабылдағаннан кейін жойылады. Кеуде тұсының ауыруының дифференциальды диагностикасы: кеуде тұсының ауырсынуы төмендегі патологиялық жағдайларда мысалы: нейроциркуляторлы дистония, вегетативті-дизовариальдік кардиомиопатия, гипервентиляциялық синдром, миокардит, митральдік пролапс т.с.с себебі белгісіз патологияларда кеуде тұсында ауырсыну болатындығын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |