Дене терісінің өзгеруі. Терінің кілегей қабыршақтарының көкшілдігі байқалады, оны цианоз деп атайды. Цианоз екі түрде байқалуы мүмкін: жергілікті және орталық (барлық денеде). Бұндай өзгеріс тыныстың бұзылғандығынан, өкпеде оттегінің жеткіліксіздігінен байқалады. Бетінің қызаруы өкпенің крупозды қабынуында, дене қызуы көтерілгенде, ал бозаруы өкпенің іріңді ауруларында және т.б жағдайларда кездеседі.
Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны оның ауыра-тын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін анықтау үшін жүргізіледі. Екі қолды науқастың кеудесіне қойып сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу дыбысының әр ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды. Бұл сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.
Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың өзгерістерін анықтау (тықылдату, перкуссия). Өкпенің таза дыбысы өкпеде таза ауаның барында, өкпенің ауруы жоқ кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі түрлері мыналар:
1 тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді;
2 қорап тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және өкпеде ауа көптігін білдіреді;
3 тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай дыбыс.
Перкуссия Соғып не қағып қарау дегенді білдіреді. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі болғанымен, кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық дәрігер Л. Ауэнбруггер (1722-1809) болатын. Оның латынша жазылған "Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс" трактаты 1761 жылы жарық көрген. Л. Ауэнбруггерді перкуссия әдісіне мына тарихи жағдай алып келген көрінеді. Оның әкесі мейрамхана иесі болған. Баласын шарабы бар бөшкелерден шарап альп келуге жұмсап отырған. Бөшкедегі шараптың көлемін анықтау үшін Леопольд бөшкелерді соғып қараған. Кейін, дәрігер болған шақта, осы әдіс оның есіне түсіп, оны өкпедегі жиналған су деңгейін анықтауда қолданған. Л. Ауэнбруггер сау өкпе мен өкпе эмпиемасы ауруы кезіндегі перкуторлық дыбыстарды салыстырған, "қолдың алақанын жазып, бір-бірімен бірікгіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жай-лап, асықпай соғып қараған кезде, жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәлімет береді" деп жазған. Өкінішке орай ғалымның орасан маңызды еңбегі сол уақытта дұрыс бағаланбаған, елу жыл бойы клиникаларда қолданылмаған. Тек 1808 жылы, Л. Ауэнбруггердің дүниеден өтуіне аз ғана уақыт қалғанда, Наполеонның жеке дәрігері, француз клиницисі Корвизар оның еңбегін француз тіліне аударып, перкуссия әдісін жоғары бағалағаннан кейін клиникада кеңінен қолданыла бастаған. Корвизар перкуссияны тек қана өкпе ауруларын ғана емес, сонымен қатар жүрек дерттерін, аорта аневризмасын анықтау үшін пайдаланған. Ауэнбруггер ойлап тапқандай, саусақтарының басымен соғып перкуссиялау тікелей перкуссия деп аталады және ол осылай ұзақ уақыт қолданылып келді.
Бұл перкуссиялық әдістің артықшылығы: перкуторлық дыбысты құлағымызбен қабылдап қана қоймай, плессиметр-саусағымызбен қолдың астындағы айырмашылықтарды, ал балға саусақпен сол жердің серпімділігін сезіп отырамыз, сондықтан бұл әдіс пальпаторлық перкуссия деп те аталады. Бұл әдістің тағы бір артықшылығы — ол құрал-жабдықтар іздемей-ақ, кез келген уақьпта тексере беруге мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |