Перкуссияньң физикалық негізі. Перкуссияның негізіне физикалық құбылыстар жатады. Денені соғып қарау кезінде оның тепе-теңдік күйі бұзылып, теңселмелі қозғалыстар жасай бастайды және оларды амплитудасымен, жиілігіне, ұзақтығына қарай әр түрлі дыбыс толқындары түрінде тіркеуге болады.
Қатты денеге соққы тиген кездегі теңселмелі қозғалыстар ауаға не басқа ортаға беріледі де, біздің құлағымызға дыбыс болып жетеді. Белгілі шарттар (дененің біркелкі құрамы, пішіні) орындалған кезде бұл денеде дұрыс тербелістер туындайды, оны таза тон деп атайды (флейта, камертон дыбыстары шамалас).
Алайда, денеде басқа жағдайлар жиірек кездеседі: негізгі дұрыс тербелістермен қатар қосымша тербелістер де пайда болады; соңғысының жиілігі негізгі тербелістер жиілігіне бөлінеді; мұндай кездегі дыбыс музыкалық тон болып есептеледі. Перкуссия жасалатын дененің құрамы көбінесе біркелкі емес және пішіні де әр түрлі болып келеді. Оның бойындағы тербелістер апериодты, яғни әр түрлі мерзім арасында пайда болады, сондықтан мұндай дененің соққылауы кезінде шығатын дыбыс шуыл болып естіледі.
Перкуторлық дыбыстың дауыстылығы (ашық дыбыс). Адам организмінің мүшелері мен тіңдері перкуссия жасаған шақта әр түрлі дыбыстар береді. Қалыпты жағдайда ауалы ағзалардан (өкпе, асқазан-ішек жолдары, көмекей, ауыз қуысы) қатты ашық дыбыс шықса, ауасы жоқ ағзалар мен тіндерден (жүрек, бауыр, талақ, бұлшық еттер, тері, май қабаты) жәй (тұйықталған не тұйық) дыбыс естіледі. Физикалық жағынан қарағанда перкуторлық дыбыстың күші, яғни дауысының ашықтығы дыбыс тербелістерінің амплитудасына байланысты болады. Қаншалықты дыбыс тербелістерінің амплитудасы жоғарырақ болса, соншалықты перкуторлық дыбыс дауысты немесе керісінше. Ал дыбыс тербелістерінің амплитуда биіктігі перкуторлық соққының күшіне, әрі перкуссия жасап отырған дененің тербелмелі қозғалыстар жасай алатын қабілетіне байланысты болады. Бірдей күшпен соққылағанда ауасы көбірек ағза ашығырақ дыбыс береді.
Физика заңдары бойынша, дыбыс тербелістерінің амплитудасы перкуссия жасап отырған дененің тығыздығына кері пропорционалды, сондықтан бауыр, талақ, бұлшық еттер, өкпе және іш қуыстарында жиналған сұйықтықтың перкуссия кезіңдегі амплитудасы төмен болады, яғни бәсең, жөй ғана дыбыс береді. Ауалы ағзалар ашық дыбыс шығарады, себебі олардың өздері де тербелмелі қозғалысқа тез түседі. Патологиялық жағдайларда (өкпе туберкулезі, бронхо-пневмониялар, өкпенің крупозды қабынуы,т. б.) екпенің ауалылығы азайып, перкуссиялық дыбыс әдеттегіден бәсеңдейді. Ішке және плевра қуыстарына сұйықтық жиналғанда перкуссиялық дыбыс амплитудасы әдеттегіден көп азаяды, құлағымызға жәй, тұйық дыбыс естіледі.
Перкуторлық дыбыстың ұзақтығы (тұйықталған немесе тұйық дыбыс). Перкуссия кезінде дыбыс күштілігінен басқа тағы бір мән беретін жағдай, ол оның дыбыс ұзақтығы. Перкуссия дыбыстың ұзақтығына байланысты ұзақ не қысқа болып бөлінеді. Перкуторлық дыбыстың ұзақтығына мынадай себептер әсер етеді: 1) перкуссияның бастапқы кезеңіндегі дыбыс тербелістерінің амплитудасы; 2) соғып, қарап отырған мүшенің тығыздығы мен кернеуі. Егер перкуссиялық дыбыс қатты, жоғары амплитудалы болса, онда оның ұзақтығы да біршама деп жобалауымыз керек. Ал ауасыз тығыз ағзаларды перкуссиялағанда дыбыс төмен амплитудалы болады, яғни тербелмелі дыбыс қозғалыстары тез өшіп, оның ұзақтығы азаяды. Осылайша өкпе тінінде тығыздалу ошағы пайда болғанда (өкпе туберкулезі, өкпе қабынуы, өкпе инфаркті) перкуторлық дыбыс тұйықталған және қысқа, ал, іш және плевра қуысында сұйықтық жиналған шақта тұйық және қысқа болады.
Перкуторлық дыбыстын биіктігі. Перкуторлық дыбыстың күштілігі мен ұзақтығынан басқа тағы бір сипаттамасы — ол оның биіктігі.
Перкуторлық дыбыстың биіктігі белгілі бір мезгілдегі тербеліс санына тура пропорционалды болады. Уақыт аралығында неғұрлым тербеліс саны көп болса, соғұрлым дыбыс биігірек немесе керісінше болады. Басқаша айтқанда, неғүрлым дыбыс беретін дененің өлшемі кішірек болса, соғұрлым тербелістер жиірек, ал дыбыс жоғарырақ шығады.
Балалардың сау өкпесінің тұсындағы перкуторлық дыбыс ересек адамдардың өкпесі үстіндегі дыбыстан жоғары. Перкуссия кезіңде тепе-теңдік жағдайдан шығып қалған тығыз дене кіші амплитудалы болады, тұйық дыбыс береді, бірақ оның бір секунд ішіндегі саны көбірек, яғни дыбыс биік. Керісінше, онша тығыз емес ағза (өкпе) дауысты, үлкен амплитудалы дыбыс береді, бірақ оның бір секунд ішіндегі саны аз, яғни дыбысы төмен. Перкуторлық дыбыстың реңдері әр түрлі.
Тимпаникалық дыбыс барабанды соққан кездегі дыбыс тәрізді болып келеді (грекше tjmрапоп - барабан) және ол ауасы бар қуыстарды перкус-сиялау кезінде пайда болады. Қалыпты жағдайда тимпаникалық перку-торлық дыбыс асқазан, ішектер, ауыз қуысы, көмекей, кеңірдек тұсынан, ал патологиялык, жағдайларда өкпе кавернасы мен абсцесі үстінен және өкпеде ауа жиналғанда (пневмоторакс) естіледі. Тимпаникалық дыбыс қатты болып келеді және тимпаникалык емес дыбыстан тербелістерінін белгілі мерзім ішінде дұрыс қайталануымен (синусоида тәрізді) ерекшеленеді, яғни жүрек дыбысына жақын болып келеді.
Тимпаникалық емес дыбыстардың тербелістері апериодикалық, яғни шуылға жақын. Тимпаникадық дыбыс ауасы бар қуыстың қабырғаларының кернеуі азайғанда пайда болады.
Қораптық перкуторлық дыбыс ол бос қорапты соққан кездегі дыбысқа ұқсас және өкпедегі тығыз элементтердің азайып, жұқарған шағында пайда болады. Бұл өкпе эмфиземасына тән дыбыс, өйткені альвеолалар өздерінің созылғыштық қасиетін жоғалтқанмен, араларындағы альвеоларлық перделер таза тимпаникалық дыбыстың туындауына кедергі жасайды.
Егер перкуссия кезінде катты дыбыс шықса, онда ол тимпаникалық па, жоқ па, ұзақ па, әлде қысқа ма, биік пе, әлде төмен бе деген сұрактарға жа-уап беруге тура келеді. Әдетте өкпенін тұсынан шығатын перкуторлық ды-быс қатты, ұзак және төмен болатыны белгілі. Оны өкпелік ашық перку-торлық дыбыс деп атап кеткен. Асқазаңды, ішектерді, ауыз қуысын, кеңір-декті, көмекейді соқкылап қарау кезінде де қатты дыбыс шығады, бірақ оның сипаттамасы басқаша, себебі ол — тимпаникалық перкуторлық дыбыс.
Бұлшық еттер, бауыр, өкпемен жабылмаған жүрек тұсын перкуссиялау кезінде шығатын дыбыс жәй, қысқа, биік болып келеді. Бұл дыбыс абсолютті тұйық немесе бұлшық еттік перкуторлық дыбыс делінеді, ал қатты, бірақ абсолютті тұйық емес дыбыс тұйықталған деп аталады.
Адам денесінің әр түрлі аймақтарында перкуторлык дыбыс өзгеріп отырады. Жоғарыда айтылғандай, іш, плевра қуыстарында және перикар-дта сұйықтық жиналғанда абсолютті тұйық перкуторлық дыбыс естіледі. Мұңдай дыбыс өкпе үстінен де шығуы мүмкін, ол үшін бір өкпе түгел ауасыздану керек (өкпе рагы, обтурациялы ателектаз, кен тараған пнев-мония, т. б.). Егер де өкпедегі ауа жоғалмай, тек азайған шақта (өкпе ту-беркулезі, өкпенін крупозды қабынуының бастапқы сатысы, ошақты пне-вмония) перкуторлық дыбыс тұйықталады. Өкпеде үлкен, сыртқа жақын орналасқан қуыс (каверна, абсцесс) пайда болса немесе өкпе жапырақ-шаларының қуысына ауа жиналса (пневмоторакс) тимпаникалық пер-куторлық дыбыс естіледі. Көп жылдарға созылған өкпенің аурулары оның желденуіне алып келеді, бұл кезде қораптық перкуторлық дыбыс естіледі.
Металдық дыбыс — қысқа, ашық, жоғары обертондары бар перкуссиялық дыбыс; ішінде ауасы бар, көлемі үлкен, қабырғалары тегіс қуыстардан естіледі.
Перкуссия жасаған кезде науқас тік түруы немесе отыруы тиіс. Тік тұрған кезде қолдарын денеден төмен жерге қарай салбыратып ұстайды, отырған кезде қолын тізеге қояды. Жоғарғы иық белдеу бұлшық еттерін босаң ұстау керек, егерде бұлшық еттері ептеп қана жиырылған болса, ол кезде перкуторлық дыбыс өзгеріп шығады. Әлсіз науқастарды перкуссия жасағанда аздап болса да қолмен демеп тұруы керек. Егерде халі нашар жағдайдағы аурулардың отыруға шамасы келмесе, (өкпеден қан кету, миокард инфаркті, мидың қан айналымы бұзылғаңда т. б.) перкуссия науқастың кеуде клеткасы-ның алдыңғы бетімен қолтық алды және ортасында ғана жасалынады. Перкуссия жасаған кезде науқастың тыныс алуы жайбарақат болуы тиіс. Дәрігер науқастың оң жағынан тұрып, немесе отырыл перкуссия әдісімен науқасты тексереді. Міне осылай өкпеге салыстырмалы жөне топографиялық перкуссия жасалынады.
Салыстырмалы перкуссия әдісі өкпе қабы қуыстарының патологиясын анықтауға мүмкіншілік береді. Салыстырмалы перкуссия әдегге белгілі бір тәртіппен жасалына-ды. Кеуде клеткасының симметриялық орындарына күші бірдей перкуссия жасалынады. Әдетте перкуссия орташа күшпен жасалуы тиіс,бұл кезде симметриялық жерлерден өкпелік ашық перкуторлық дыбыс шығады.
Кеуде клеткасының алдыңғы жағын перкуссия жасау әдісі. Перкус-сияны өкпе ұшынан бастайды, ол үшін ллессиметр саусақты бүғананың үстіне параллель қойып, оң жақ-сол жағынан күші бірдей перкуссия жа-салынады. Одан кейін бұғана қабырғалардың өздеріне, яғни үстіне тікелей перкуссия жасаймыз. Кейін плессиметр саусақты бұғана астына, қабырға аралықтардың бойымен қабырғаларға параллельді қойып, бұғананың ортаңғы сызығының бойымен, жоғары аталған ережелер мен шарттарды ұстай отырып, оң жақ пен сол жақты салыстырып перкуссия жасалынады.
Салыстырмалы перкуссияны алдынан тек IV қабырғаға дейін жүргізеді, бұл деңгейден төмен сол жақта жүрек жатқандықтан да осылай жасайды. Одан кейін екі жақтан да қолтық астының ортаңғы сызығы бойымен жасалынады. Бұдан кейін кеуденің (өкпенің) артынан перкуссия жасалынады. Перкуссияны жауырын үсті аймақтардан бастайды, саусақ-плессиметр жауырынның жота өсіндісіне параллельді қойылады. Сосын саусақ-плессиметрді омыртқа бағанасына параллельді, сол сияқты жауырын аралыққа да солай қояды. Бұл кезде науқас екі қолын алдында қиғаштандырып ұстайды, басын ептеп қана еңкейтеді. Ең соңында перкуссия жауырын асты аймақтарда жасалынады, бұл кезде плессиметр саусақ қабырғаларға параллельді қойылады. Перкуссияны кеуденің бүйір бетінен жасағанда, науқастың қолын басына немесе мойынның сыртынан ұстатып қойса ыңғайлы болады. Қалыпты жағдайда симметриялы орындардан пеуторлық дыбыс бірдей шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |