Бөлім:
|
І бөлім: Дананың сөзі – ақылдың көзі
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Қайратбекқызы Т.
|
Күні:
|
16.09.2022ж
|
Сыныбы: 8 б, ғ
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қожа Ахмет Иассауи әлемі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
|
Сабақтың мақсаты:
|
көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
«Дауылға қарсы тұру» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл»
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Интерактивті тақтадан Қожа Ахмет Йасауи кесенесі көрсетіледі. Мұғалім оқиды.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл кімнің кесенесі?
Бүгінгі сабағымыз түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны, есімі Ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайтаркер Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығына арналады. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
|
Сұраққа жауап беріп, тақырыпты болжайды.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1 -тапсырма.
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді тізбектеп оқыту
|
Қожа Ахмет Иассауи жайлы ойларымен бөліседі.
Қожа Ахмет Йасауи(Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ( бұрынғы Испиджаб) ауданы Йасы (қазіргі Түркістан) қаласында өмір сүріп, сол жерде жерленген. Бүкіл түркі жұртының рухани атасы, ислам мәдениетіндегі сопылық ағымның өкілі, ұлы ақын, философ, ойшыл ұстаз.)
|
Дескриптор:
-Қожа Ахмет Иассауи жайлы айтып береді.
-Сұрақ жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|
|
№2-тапсырма:
«Кластерлер»(«жүзімнің шоқтары»- деген мағынада ) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстары айқындауға арналған жазба кестелер.
|
Негізгі тақырып тірек сөз шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оларды бір-біріне сызықтармен қосып, өзара байланыстары туралы әр оқушы пікірлерін әңгімелейді. А.Яассауи туралы мәліметтерід жинақтау Жүзім шоқтары әдісімен
|
Дескриптор: -Яссауи туралы мәліметтерді жинақтайды;
-кластер құрады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|
|
№3-тапсырма:
Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің тарихы туралы не білесің, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін кім салдырған? Мұғалімнің кеңесімен өз білгендеріңді толықтырып, баяндап беріңдер.
Қожа Ахмет Иассауи туралы зерттеулерде қандай пікірлер бар? Қожа Ахмет Иассауи еңбегінің идеясы нені қамтиды?
|
Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің тарихы туралы айтып береді. Пікірлерін айтады, ойларын жеткізеді.
|
Дескриптор:
-cұрақтарға жауап береді;
-пікір алмасады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|