Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: а Білімділік



бет5/17
Дата16.09.2023
өлшемі2.08 Mb.
#477724
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
сабақ жоспары

Технологиялық процестер — бұл материалдарды, бұйымдар мен энергияны жасау, жинақтау, түрлендіру және тасымалдау процестері. Технологиялық процестің мұндай анықтамасы жалпылама, абстрактілі болып есептеледі, бірақ дәл осы әртүрлі өндіріс ерекшеліктеріндегі дерексіздік бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар өндірістердің барлығының автоматтандыру тәсілдемесінің бірыңғайлығын көрсетуге мүмкіндік береді. Өндірістік процесстерге адамның қатысуы, оның еңбегі шешуші фактор болады — оның қатысуынсыз ешқандай өндірістің болуы мүмкін емес. Дегенмен, адамның өндіріске қатысу формасы әртүрлі болуы мүмкін және бұл қатысудың деңгейі біз оқып отырған пәнге тікелей қатысты. Автоматтандыру — бұл өндірісте адамдарды өндірістік процестерге тікелей қатысудан босататын техникалық құралдарды, әдіс-тәсілдер мен басқару жүйесін пайдалану. Бұл анықтамада өте маңызды ескеретін жағдай бар: әңгіме тікелей қатысудан босату жайлы, яғни, адам өзі жасаған өндірістік процесс құрайтын әрекеттерден босатылады. Ақылды адам өзі үшін жұмыс жасайтын машина жасап шығаруға қабілетті және ол тек физикалық жұмыстарды ғана емес, ой еңбектерін де орындай алады. Автоматтандырудың мақсаты өндіруді жоғарылату мен еңбек тиімділігін арттырудан, өнім сапасы мен адам еңбегінің жағдайын жақсартудан тұрады. Автоматтандыру — ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі. Қазу және материалдарды өңдеу процестері, құрастырушы, энергетикалық, көліктік процестер және объектілер мен құрылыстарды жобалау, кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару мен жобалау, ғылыми зерттеулер, медициналық диагностика, бағдарламалау мен инжинерлік есептеулер және т.б. автоматтандырылады. Бұл процестегі және оның түрлі этаптарындағы адам рөлі әртүрлі. Адамның басты ерекшелігі – саналы түрде ойлау қабілеті. Адам көтере алатын жүктен 1000 есе артық жүкті көтере алатын механизм ойлап шығаруға болады, немесе түймені 100 есе тез қадай алатын құрылғы жасап шығаруға болады, бірақ адамның ойлау қабілетіне жететін машина әзірге жоқ. Сондықтан адамның ойлау қабілеті аз пайдаланылатын жерлерде өндірістен адамдары босату анағұрлым тиімді, мысалы, ауыр дене еңбегінде және миды шаршатып жіберетін бірқалыпты және бірсарынды бағытта. Ол үзіліссіз жұмыс жасайтын өндірістерде де тиімді, себебі адамды алмастырушы машина түскі асқа үзіліс сұрамайды және демалыссыз тәулік бойы жұмыс жасай береді. Ол адамдарға қауіп төндіретін орындарға, адамның қолы жетпейтін жылдам әрекеттерді қажет ететін жерлерге керек. Материалдық емес өндірістің мына түрлері: жобалау, бағдарламалау, кәсіпорындарды басқару мен ұйымдастыру, білім саласы, өнер көп ретте адамның ойлау қызметіне сүйенеді. Мұнда адамның тікелей қатысуынсыз ештеңе мүмкін емес. Әрине, онда адамдарды босатуға болатын процесстер бар (мысалы мәліметтер базасын жасау, құжаттарды іздеу және т.б.), бірақ бұл адамды өндірістен шеттету емес, керісінше, осы саладағы еңбек қызметінен босамайтын адамдарға көмек деп қарастыруға болады. Әсіресе, бірінші кезекте, адамдарды материалдық өндіріс процестеріне тікелей қатысудан босату, яғни, технологиялық процестерден босату маңызды. Бұл автоматтандыру бағыты, яғни, біз технологиялық процесстерді автоматтандыруды қарастыратын боламыз. Технологиялық процестер технологиялық деп аталатын жабдықтардың көмегімен жүзеге асады. Процестің жобаланғандай өтуі үшін ол жабдықты басқаруы керек, яғни, белгілі шарттары бойынша әсер ету қажет. ТП-ны жүзеге асыратын техникалық жабдықтардың жиынтығы басқару объектісі болып табылады. Мұндай объектіге автомобиль мен оның бөлшектерін жатқызуға болады - жүргізушімен басқарылатын рөлді басқару; тежегіштер мен беріліс қорабы; ұшақтар, онда басқару автопилотқа, яғни, автоматты қондырғыға тапсырылған; цехтары толықтай автоматтандырылған металлургия зауыты. Кез келген технологиялық процесс белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін ұйымдастырылады. Жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін ТП жүрісін бақылаумен бірге, технологиялық жабдықтың да жұмысын қадағалау қажет. Бұған тек жан-жақты ақпараттар жинау арқылы қол жеткізуге болады. ТП-ның өтуі мен жабдықтың күйі мезгілдің әр сәтінде түрлі физикалық шамаларға байланысты сипатталады: температурамен, қысыммен, жылжумен, жылдамдықпен, шапшаңдықпен, газдар мен сұйықтық шығынымен, электр кернеуімен, тоқ күшімен және т.б. 9 Бұл шамалар технологиялық параметрлер деп аталады. Технологиялық процесс пен жабдықтың жұмысы барысында бұл шаманың мәні үздіксіз өзгеріп отырады. Бақылауды жүзеге асыру үшін процесті жүргізуші оператор технологиялық параметрлердің мәні мен олардың оған ыңғайлы түрге өзгергендігі туралы мәлімет алуы керек, яғни, барлық қажетті жиынтықтармен, сараптамалармен және болжамдармен. Сөйтіп, бақылау құрастыруды, өңдеуді, сараптауды және операторға ТП туралы ақпарат беру мен жабдықтың жұмысын қамтиды. Бақылау барысында алынған ақпарат ТП-ның оның жобаланған барысына толық сәйкес өтуін қамтамасыз ету мақсатында технологиялық жабдықтарға әсер ету үшін, яғни, технологиялық процесті басқару үшін пайдаланылады. Технологиялық процестерді автоматтандыру — бұл технологиялық құралдарды, құрастыруға арналған басқару жүйелері мен тәсілдерін пайдалану, өңдеулер, сараптамалар және технологиялық параметрлер жайлы ақпараттарды беру және сараптама нәтижесі бойынша технологиялық процеске әсер ету.
Механикаландыру мен автоматтандыру ресурстарды тиімді пайдалануды, өнім мен жұмыстың сапасын көтеруді және құнын төмендетуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты жұмыс жағдайы өзгереді, өндірістің мамандық және ұйымдастырушылық деңгейі өседі, қол жұмысы мен ой жұмысының айырмашылығы азаяды, өндірістік үрдіс қызғылықты және қауіпсіз болады. Жалпы алғанда құрылысты механикаландыру және автоматтандыру қоғамдық өндірістің тиімділігін көтерудің материалдық негізі және өндірістік күштердің даму аймағындағы техникалық прогрестің басты бағытының бірі болып есептеледіҚұрылыс машиналары мен жабдықтарын жіктеп-сұрыптауҚұрылыс өндірісіне тән технологиялық үрдістердің әр түрлілігі өзінің жұмыстарға арналуы, құрылымы, қуаты мен размерлері әр түрлі құрылыс машиналарын пайдалануды қажет етеді. Әр түрлі жұмыстарды орындауға арналуы бойынша барлық құрылыс машиналары келесі топтарға бөлінеді:
1. Жер қазу жұмыстарына арналған машиналар;
2. Көтергіш-тасымалдау машиналары;
3. Бұрғылау машиналары;
4. Бетон және темірбетон жұмыстарына арналған машиналар;
5. Қада қағу машиналары; 6. Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар;
7. Жол машиналары;
8. Қол машиналары (механикаландырылған құралдыр).
Әрі қарай бұл машиналар құрылымы, жұмыс жабдығы түрі, жылжу мүмкіндігі, жетек түрі, бұрылу дәрежесі, тірелу әдісі бойынша жіктеледі. Бұдан басқа барлық құрылыс машиналары қоршаған орта температурасына байланысты екі топқа бөлінеді: - Жалпы жағдайға арналған машиналар, +-400С температура жағдайында жұмыс істеуге арналған. - Арнайы, арнайы орындалған машиналар, -600С (хл) дейін және +600С (т) дейінгі жағдайда жұмыс істеуге арналған. ТМД елдерінде (негізінен Ресейде) шығарылған машиналар шартты әріп-сандармен белгіленген, машина моделімен оның басты параметрін айғақтайтын индекспен белгіленеді.Бірақ көпнәрсе әр сала өзінде қабылданған ережелер бойынша машиналарды маркалай береді. Басқа мемлекеттерде шығарылған машиналар сол елдің ережелері бойынша маркаланады. Сонымен ТМД-да шығарылған машиналар келесідей әріптермен маркаланады: ЭО-жалғызшөмішті эксковаторлар; ЭТМ - көпшөмішті шынжырлы траншея қазғыш экскаваторлар; ЭТУ - әмбебап траншея қазғыш экскаваторлар; ЭТР - көпшөмішті роторлы траншея қазғыш экскаваторлар; ЭМ - көпшөмішті көлденең қазғыш экскаваторлар; ДЗ - жер қазып, топырақ тасымалдауға арналған машиналар (бульдозер, скрепер, автогрейдер, грейдер-элваторлар). ДП - тамыр жұлғыштар, бұта қырыққыштар, қопсытқыштар, тоқ оятын тіркемелі және аспалы машиналар; ДУ - топырақты тығыздауға арналған машиналар; СП - қада қағу жұмыстарына арналған машиналар; БМ - бұрғылау және бұрғылау-кран машиналар, КС - оқтаулы крандар; КБ - бұнаралы крандар; СБ - бетон жұмыстарына арналған жабдықтар; СО - әрлеу, еден және төбе жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар.

Бақылау сұрақтары:

1. Автоматика дегеніміз не?
2. Техникалық процестер?
3. Құрылыс машиналардың индексациясы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет