Сабақ жоспары
Құрылыс машиналары мен шағын механизация құралдары пәні бойынша
Оқу топтары: ҒМ-23-9, ҒМ-23-9А
Сабақтың тақырыбы: Құрылыс машинасының жүру жабдығы
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік құрылыс машинасының жалпы сипаттамасын, құрылысын, жұмыс қозғалысын, шағын механикаландыру құралдарын пайдаланудағы еңбекті қорғауды;
ә)Дамытушылық оқушылардың бойындағы адамгершілікті дамыту, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін дамыту
б)Тәрбиелік оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі Аралас
Сабақтың бөлінген уақыты 80 минут___________
Сабақтың әдісі баяндау, түсіндірме, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі кітап, сурет, плакат, карточка, слайд
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын тексеру, аудиторияның тазалығына назар аудару
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу жасау сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау
III.Жаңа сабақтың мазмұны:Құрылыс машиналары – әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т.б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. IV.Тақырып бойынша оқушылардың түсінігін, көзқарасын білу
Сабақ бойынша қаралатын сұрақтар:
1. Құрылыс машиналары және жіктелуі?
2. Техникалық құралдар?
3. Шынжыр табанды кран дегеніміз не?
V.Сабақты қорытындылау жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға жаңа материал бойынша сұрақтар қойылып, жауап алынды. Сабаққа жақсы араласқан оқушылар бағаланып, мадақталады.
VI.Үйге тапсырма: Тестке дайындау, конспектілеу
Оқытушы: Алтынбаева А.Б
Достарыңызбен бөлісу: |