Сабақ жоспары
Құрылыс машиналары мен шағын механизация құралдары пәні бойынша
Оқу топтары: ҒМ-23-9, ҒМ-23-9А
Сабақтың тақырыбы: Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру туралы жалпы деректер
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік құрылыс машинасының жалпы сипаттамасын, құрылысын, жұмыс қозғалысын, өнімділігін оқиды.
ә)Дамытушылық оқушылардың бойындағы адамгершілікті дамыту, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін дамыту
б)Тәрбиелік оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі Аралас
Сабақтың бөлінген уақыты 80 минут___________
Сабақтың әдісі баяндау, түсіндірме, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі кітап, сурет, плакат, карточка, слайд
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын тексеру, аудиторияның тазалығына назар аудару
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу жасау сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау
III.Жаңа сабақтың мазмұны: Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары қолмен атқаратын жұмыс үрдістерін қысқарту, пайдаланудағы мехаикаландыру құралдарының өнімділігін арттыру және жаңа машиналарға байланысты оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін деңгейде жұмысты ұйымдастырып, тезнологиялық үрдістерді жетілдіру. Құрылыстағы негізгі жұмыстар қолмен, механикаландырылған және кешенді механикаландырылған әдіспен, сондай-ақ механикаландырылған үрдісті жартылай автоматты түрде басқару жолымен атқарылады. Құрылысты механикаландыру дегеніміз еңбек операцияларын қолмен атқару әдісін машиналық әдіспен ауыстыру мақсатында өндірістік үрдіске техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық әсер ету.
IV.Тақырып бойынша оқушылардың түсінігін, көзқарасын білу
Сабақ бойынша қаралатын сұрақтар:
1.Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру.
2.Автоматика дегеніміз не?
3.Технологиялық процестер
V.Сабақты қорытындылау жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға жаңа материал бойынша сұрақтар қойылып, жауап алынды. Сабаққа жақсы араласқан оқушылар бағаланып, мадақталады.
VI.Үйге тапсырма: термин сөздер
Оқытушы: Алтынбаева А.Б
Достарыңызбен бөлісу: |