Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: а Білімділік


Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру туралы жалпы деректер



бет4/17
Дата16.09.2023
өлшемі2.08 Mb.
#477724
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
сабақ жоспары

Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру туралы жалпы деректер

Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары қолмен атқаратын жұмыс үрдістерін қысқарту, пайдаланудағы мехаикаландыру құралдарының өнімділігін арттыру және жаңа машиналарға байланысты оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін деңгейде жұмысты ұйымдастырып, тезнологиялық үрдістерді жетілдіру. Құрылыстағы негізгі жұмыстар қолмен, механикаландырылған және кешенді механикаландырылған әдіспен, сондай-ақ механикаландырылған үрдісті жартылай автоматты түрде басқару жолымен атқарылады. Құрылысты механикаландыру дегеніміз еңбек операцияларын қолмен атқару әдісін машиналық әдіспен ауыстыру мақсатында өндірістік үрдіске техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық әсер ету. Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары қолмен атқаратын жұмыс үрдістерін қысқарту, пайдаланудағы мехаикаландыру құралдарының өнімділігін арттыру және жаңа машиналарға байланысты оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін деңгейде жұмысты ұйымдастырып, тезнологиялық үрдістерді жетілдіру. Құрылыстағы негізгі жұмыстар қолмен, механикаландырылған және кешенді механикаландырылған әдіспен, сондай-ақ механикаландырылған үрдісті жартылай автоматты түрде басқару жолымен атқарылады. Құрылысты механикаландыру дегеніміз еңбек операцияларын қолмен атқару әдісін машиналық әдіспен ауыстыру мақсатында өндірістік үрдіске техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық әсер ету. Құрылысты кешенді механикаландыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы, ауыр және еңбеккөлемді операциялар мен үрдістер техниканың алдыңғы қатарлы дамыған деңгейінде,өнімділіктері өзара үйлескен, барлық үрдістің берілген ырғағын (мерзімін)қамтамасыз ететін және берілген жағдайда мүмкін болатын ең жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, яғни жұмыстың ең төмен құнымен еңбектің ең жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін механизмдер, машиналар және жабдықтар негізінде механикаландырылған үрдіс. Кешенді механикаландырылған жағдайда қол жұмыстары еңбеккөлемділігі төмен жерде ғана, олар үрдістің жалпы ырғағын төмендетпейтін және еңбекті жеңілдету мен экономикалық тұрғыдан қажеті жоқ жерде іске асырылуы мүмкін. Автоматтандыру кешенді механикаландырылған жерде ғана қолдану керек. Жартылай механикаландырылған жерде автоматтандырудың тиімділігі төмен болып қана қоймай тіпті үрдісті әрі қарай жетілдіруге зиянын тигізуі де мүмкін. Сонымен, кешенді автоматтандыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы басқару үрдістері, берілген өнімділік пен өнім сапасы, адамның араласуынсыз, автоматты түрде қамтамасыз етілетін жағдай. Бұл жерде адамның жұмысы арнайы құрылғылардың жұмысын бақылаумен ғана шектеледі. Құрылысты механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі мақсаты - еңбек өнімділігін көтеру және адамды ауыр, еңбеккөлемді, шаршатып-жалықтыратын жұмыстардын босату.


Автоматика — өндірістік процестерді автоматтандырудың тәсілдері мен теориясын зерттейтін кибернетиканың бір бөлігі. Бұл оқулықта келесі сұрақтар қарастырылады: өндірісті автоматтандыру деген не, ол не үшін керек, ол неден басталады, ол қалай жүзеге асады, оған қандай техникалық құралдар қажет, олар қалай орналасқан және қалай жұмыс жасайды, оларды бірыңғай автоматты жүйеге қалай біріктіреді және оны қалай басқарады? «Өндіріс» және «автоматтандыру» түсініктерін қарастырып көрейік. Өндіріс анықтамасын әртүрлі жағынан қарастыруға болады — экономикалық, техникалық және әлеуметтік тұрғыдан. Жаңаша түсінікте жалпы түрдегі өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін маңызды материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерді қалыптастыру процесі.
Өндірісті бірнеше санатқа бөлуге болады:
■ Кен қазу өндірісі, ол табиғи қорлар мен шикізат өндіруді қамтамасыз етеді
( жерді қазу, балық аулау т.б.);
■ Ауылшаруашылық өндірісі, ол табиғаттың қатысуымен, яғни жануарлар мен өсімдіктерден алынған азық-түліктерді өндірумен байланысты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.);
Өңдеу өнеркәсібі, адамға қажетті бұйымдардағы шикізатты өңдеумен айналысады;
■ Көлік және сауда қызметтері, шикізат пен өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізуші.
Сәйкесінше, дайын өнім мен шикізатты өндіруші, жасаушы, өңдеуші, түрлендіруші және жылжытушы процесстерді өндіріс процестері немесе өндірістік процестер деп атауға болады. Соңғы кездері адамның ой еңбегімен байланысты материалдық емес өндірістің үлесі анағұрлым өсті. Сондықтан өндірістік өнімдердің астарына дайындалатын, өндірілетін, жасалатын және жылжитындардың барлығы кіреді, бұлар – материалдық құндылықтар ғана емес, сонымен бірге рухани құндылықтар болуы да мүмкін: шикізіт, материалдар, бұйымдар, энергия, экономикалық және басқа ақпараттар, өнер туындысы, компютерлік бағдарламалыр және ойындар мен басқа да көптеген дүниелер, бұның барлығы адам еңбегінің нәтижесі болып табылады. Егер өндірістік процесстердің көптүрлілігін негізгі әрекеттері бойынша топтастырсақ, онда мұндай әрекеттер жасаушы, жинақтаушы, түрлендіруші және тасымалдаушы болуы ықтимал. Бұл әрекеттер заттардың, энергия мен ақпараттың үстінде өндірілуі мүмкін. Егер әсер ету объектілері ақпарат болса, онда процестер ақпараттық деп аталады, ал заттар немесе энергия болса, онда технологиялық процесс (ТП) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет