Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
|
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдірген оқушыға
«Жарайсың!» сөзімен ынталандыру.
|
.
|
Миға шабуыл
1. Сөйлем мүшелері деген не?
2.Жай сөйлем дегеніміз не?
3. Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
|
Дескриптор:
-Сұрақтарғы нақты жауап береді.
ҚБ: Мадақтама сөздер.
|
|
Оқулық.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин
|
Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Есіл тасып жатыр.
Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.
Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады. Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді. Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық.
Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:
Атыңды сатамысың? – Сатамын.
|
1-тапсырманы орындау
3-тапсырма ауызша орындау
6-тапсырманы орындау
|
|