(МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар сурет бойынша әр кейіпкер не айтқанын айта алуға жаттығады. Мысалы: Қоян – «Ең дәмді – сәбіз».
Дескриптор:
2-тапсырмада оқушылар сурет бойынша әр кейіпкер не айтқанын айта алуға жаттығады.
(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне «Сен ертегі білесің бе?» деген сұрақты қояды. Оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді. Егер оқушы «Иә, білемін» деп жауап берсе, бірінші оқушы «Қандай ертегі білесің?» деген сұрақ қоя алады. Негізі оқушылар қазір екі ертегі біледі («Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?»). Сондықтан олар өздері қалаған бір ертегіні атай алады.
Дескриптор:
Олар бір-біріне «Сен ертегі білесің бе?» деген сұрақты қояды.
Оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді.
(МК,Ұ) 4-тапсырмада оқушылар ертегі кейіпкерлері сияқты өздері үшін ең дәмді не екенін айта алады.
Дескриптор:
Оқушылар ертегі кейіпкерлері сияқты өздері үшін ең дәмді не екенін айта алады.
(МК,Т) Мұғалім і дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің і дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды і дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудио дискіден і дыбысының айтылуын және і дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға і дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Сондай-ақ дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады. Мәселен: ы-і. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар і дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады.
Мұғалім і дыбысы – дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.
|