|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сөздер
Кіммен? - с кем?
(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша мұғалім балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді. Оқушылар ата, әже, ана деген сөздерді қайталайды, балалардың қайда баратынын айта алуға жаттығады.
Дескриптор:
Сурет бойынша мұғалім балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді.
(МК,Ұ) 2-тапсырма арқылы қайда? сұрағы қайталанады. «Сен қайда барасың?» деген сұраққа оқушылар кесте бойынша жауап береді.
( Мен мектепке( тауға, дүкенге, саябаққа) барамын). Мұғалім суреттер бойынша оқушылардың есіне мектеп, тау, саябақ, дүкен сөздерін түсіреді. Сондай-ақ екінші кесте бойынша мұғалім кіммен? деген сұрақты түсіндіреді. Бұл сұраққа да кесте бойынша жауап беру үлгілерін көрсетеді. Мысалы: Мен анаммен (әкеммен, атаммен, әжеммен) барамын. Осы тапсырма арқылы оқушылар қайда баратынын және кіммен баратынын айта алуға жаттығады.
Дескриптор:
«Сен қайда барасың?» деген сұраққа оқушылар кесте бойынша жауап береді.
(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Бірінші оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. Екінші бала сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап береді. Мысалы:
-Сен қайда барасың?
-Мен мектепке барамын.
-Сен мектепке кіммен барасың?
-Мен анаммен барамын.
Дескриптор:
Бірінші оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. Екінші бала сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап береді.
(МК,Ж) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім барамын етістігінің болымсыз түрін (бармаймын) түсіндіреді. Оны еркін қолдануға жаттықтырады.
(Ұ) 4- тапсырмада оқушылар барамын, бармаймын етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды. Сөйлемнің қасына қойылған белгі бойынша оқушылар барамын, бармаймын сөздерін қолданады. Осы тапсырмада берілген «Сен қайда барасың? Сен кіммен барасың?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы бару етістігін І жақта қолдануды бекіте түседі.
Мен мектепке... Мен тауға...
Мен дүкенге... Мен саябаққа...
Дескриптор:
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө)Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
|
Сурет бойынша мұғалім балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді.
«Сен қайда барасың?» деген сұраққа оқушылар кесте бойынша жауап береді.
Бірінші оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. Екінші бала сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап береді.
Сөйлемнің қасына қойылған белгі бойынша оқушылар барамын, бармаймын сөздерін қолданады.
|
|