Б: Ата маған сұрақ қойыңызшы ?
Қ: Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Б: Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
Қ: Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың –қанатың екенін ұмытпа.
Қ: Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Б: Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.
Қ: Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Қ: Ал балам, өмір сүру не үшін қажет?
Б: Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, – дейді бала.
Қ: Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
Енді қарт оқушыларға сұрақ қояды.
Қ: Адамның ақылы қайда балаларым, кім айтады екен?
Ислам:
Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Қ: Адамға ақыл беретін кім балаларым?
Алдияр:
Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Қарт: Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер! Әумин!
Мұғалім: «Мақалды жалғастыр» ойыны
1. Әке – асқар тау,
Ана -...
Бала -...
2. Әке көрген оқ жонар....
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар...(
4. Әке балаға қарыз, ....(Бала далаға қарыз.)
5. Ана – өмір .... (шуағы)
6. Әкеден — ақыл....( анадан — мейір)
Оқушы: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу – өмірді құрметтеу.
|