Сабақтың тақырыбы Үнемділік инноваторы



бет2/5
Дата12.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#488981
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ашық сабақ Электр энергиясын үнемдейміз

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: топта жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, қоршаған ортаға деген құрметін арттыру;
Тәрбие: қуат көзін үнемдеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, өзін-өзі тану

АКТ-ны қолдану

Аудиовизуалды ақпарат, интербелсенді тақта

Бастапқы білімі

Өткен тарау бойынша түсінктер

Сабақ барысы

Жоспарланған жаттығу түрлері

Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
6 минут



Сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық ахуал туғызу.
"Ыстық алақан" тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Топқа бөлу. "Пазл" әдісі арқылы 3 топқа бөлу
( ағаштар, гүлдер, шөптер)




Өткенді қайталау. "Ыстық орындық" әдісі.
Жұмбақ шешуін табу арқылы сөзжұмбақта жасырылған сөзді табу.
1.Топырақты асаймын,
Тау да, сайда жасаймын. (Экскаватор)
2. Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
3. Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
4. Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)
5.Әрі итерсең – аунайды,
Бері итерсең – аунайды.
Түрі-түсі түгелдей,
( Ұ) Тапсырма: Сөздерді суреттермен сәйкестендіру, орыс тіліндегі баламасын айту

Орындық, суреттер



Сабақтың ортасы
4 минут

15 минут


12 минут

( Ұ) "Энергия" кластер құрастыру.



Энергия

Сөз тіркестерін құрастыру.


Сөйлемдер құрастыру (ауызша)
Мәтінмен жұмыс.
Электр энергиясын үнемдеудің қарапайым бір жолы...»
Электр энергиясын үнемдеудің қарайым жолдары

Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық - түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде. Ал XXI - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т. с. с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО - 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда.


Біздің өмірімізді электр энергиясынсыз, соның ішінде жарық шамдарынсыз елестету мүмкін емес. Кезінде Ыбырай атамыз
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар деп... болашақта адамдардың жарық шамын табатынын, оның өміріміздің айрылмас бөлшегі болатынын айтып кеткен. Қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зияны бар. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деген сұрақ толғантады.
Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС - ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болады. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет