Оқылым. Тыңдалым.
1-тапсырма. «Ой қозғау» Қоғамдық көлік атаулары мәтінін мұқият түсініп оқып, көлікке анықтама құрастырады. Мәтіні: Қоғамдық көліктің қызметін күнделікті пайдаланамыз: онымен жұмысқа барамыз, үйге қайтамыз. Қарапайым халықтың көпшілігі базар мен дүкен аралағанда автобуыстармен жүреді. Қала тұрғындарының тіршілігі авторанспортпен байланысты.
Автобус, троллейбус, трамвай және метро ең көп пайдаланылатын көлік түрлеріне жатады. Бұдан өзге аспан әлемін шарлайтын ұшақ, көк теңізде еркін қалқитын кеме, жер жүзін тіліп өтетін пойыз да адамзатқа қызмет етеді.
Ауызша сұрақтар:
1.Қоғамдық көлік не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2.Мәтіндегі қоғамдық көлік түрлерінің қайсысын көбірек пайдаланасыңдар?
3.Өз қаламызда қоғамдық көліктің қай түрі жиі кездеседі?
2-тапсырма.«Топтық жұмыс»
I топ: Метро
II топ: Автобус
III топ: Трамвай
IVтоп: Пойыз
Әр топ өз тобының атауы бойынша қоғамдық көлікке сипаттама береді, көліктер туралы деректер мен қажетті ақпараттарды айтады.
Дескриптор:
Топ мүшелері метро, автобус, трамвай және пойыз туралы деректер мен ақпараттар беріп, сипаттайды.
ҚБ: Бас бармақ әдісі
«Кинометафора» әдісі. «Қоғамдық көлікте жүру» туралы бейнежазба көрсетіледі.
https://yandex.kz/video/preview/?text=%D2%9B%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%BA%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%20%D0%B6%D2%AF%D1%80%D1%83%20%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D1%96%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%2B%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B0&path=wizard&parent-reqid=1645986156301826-12758945442974191645-vla1-2617-vla-l7-balancer-8080-BAL-3991&wiz_type=vital&filmId=10832438963593676972
3-тапсырма.Топтық жұмыс. «Сөз жалғасын жаз» ойыны.«Жеке,топпен жұмыс әдісі. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Мәтінде заттанған сын есімдерді қолдана білу.
Дескриптор:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. Мәтінде заттанған сын есімдерді қолдана алады.
|