Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық көлік атаулары Күні



бет2/4
Дата21.01.2024
өлшемі284.15 Kb.
#489542
түріСабақ
1   2   3   4
өтілген ашық сабақ ҚМЖ қоғамдық көліктер

Сабақтың жоспар-
ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер



Ресурстар

Сабақтың басы

Топқа бірігу.Көлік түрлерінің суреттері арқылы топқа бөлінеді.
I топ: Метро
II топ: Автобус
III топ: Трамвай
IVтоп: Пойыз

Үй тапсырмасын оқып береді.
Өткен тақырыпты пысықтау:
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
1.Сын есім дегеніміз не? (Заттың,құбылыстың сын-сипатын,көлемін,түр-түсін,сапасын білдіретін сөз табы)
2.Сын есімнің тұлғасына қарай бөлінуі.(негізгі,туынды)
3.Сын есімнің құрамына қарай бөлінуі.(дара,күрделі)
4.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(сапалық,қатыстық)
5.Сын есімнің шырайлары нешеге бөлінеді? (екіге,салыстырмалы,күшейтпелі шырай)

Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтау» әдісі




«Миға шабуыл» әдісі. Жұмбақтың шешімін табады, сабақтың тақырыбын болжайды.
Жүйткіген дәу күйінде
«Жүйрік» деп ел сүйсінді.
Тас жолда жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр (Автобус)
Сұрақ-жауап әдісімен оқушылар білімін толықтыру:
-Автобус қандай көлік түріне жатады?
-Балалар,бір қаладан екінші қалаға қандай көліктер арқылы барамыз?
-Қала,ауыл ішінде қандай көліктер қатынайды?
-Бүгін тез арада Астанаға жетуің керек, қалай жетесің?
-Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай жетесің?
-Адамға көлік не үшін керек? Қандай көлік түрлері бар?
-Ертеде адамдар алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен жеткен?
Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және оларға жегілген екі дөңгелегі бар арбалармен қатынасқан. Жерде жедел жәрдем,өрт сөндіруші көлігі,автобус,қар күрейтін машина т.б көліктер жүреді.

Слайд
Суреттер
«Зымыран сұрақтар» әдісі
«Мадақтау» әдісі

«Миға шабуыл» әдісі







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет