Сабақтың тақырыбы: Параллелограммның, ромбтың аудандарына есептер шығару



бет1/3
Дата29.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461550
түріСабақ
  1   2   3
Жақсылық Динара ҚМЖ курс


Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы:

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп

Бөлім:

Аудан

Педагогтің аты-жөні:

Жақсылық Д.Қ.

Күні:




Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: 18 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Параллелограммның, ромбтың аудандарына есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.11параллелограммның, ромбтың аудандары формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

  • параллелограмм және ромбтың ауданының формуласын ажыратады;

  • білім алушылар параллелограмм мен ромбтың аудандарына байланысты берілген есептерді шығарады;

Бағалау критерийлері

  • параллелограмм мен ромбтың аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды;

  • параллелограмм және ромбтың қасиеттерін көрсетеді;

  • параллелограмм, ромбтың аудандарының формулаларын қолданып есептер шығарады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну,қолдану

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту




5 мин

Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен сәлемдесіп, керекті құрал-жабдықтарды түгендеймін. Техника қауіпсіздігімен таныстырып, сабақ мақсатына тоқталамын;

  • «Жіктеу» тәсілін қолданып, қима қағаздар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін;

  • Үй тапсырмасын тексеру.

Әр оқушы қима қағазға сәйкес өз тобына орналасады.

Үй жұмысының шешімі тақтада көрсетіледі, оқушы өзін тексеріп,қатесін анықтайды.



Ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалау: «Жарайсың! Жақсы!
Өте жақсы! Талпын!»



ДК экраны
Қима қағаздар



4 мин



«Ой қозғау» әдісі:
Әр топқа тақырыпқа байланысты тақтада сұрақтар ұсынамын.



1-топ
Параллелограмм қандай фигура?


2-топ
Ромб қандай фигура?


3-топ
Параллелограмм немесе ромбтың бұрышының биссектрисасы жүргізілгенде пайда болған үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрыш болады ма?

Дескриптор:
-сұрақтарға жауап береді
Ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенді қатысқан оқушыны «Жарайсың!» деген мадақтау сөзбен ынталандыру.

ДК экраны

Сұрақтар топтамасы.





8 мин

«Дәлдеп көзде» әдісі
1 топ

2 топ

3 топ


Әр топ ДК экранынан өзіне сәйкес тапсырманы алып, формула бойынша есептейді. Тақтаға шығып сәйкестікті көрсетеді.
ЕБҚ ететін оқушы(Көру қимылы бұзылысы бар бала-3 топ)
- диалогты түрде қолдау көрсетемін. Әр топқа тапсырманың берілгенін карточкалар арқылы беремін.
Тақтаны көруге ыңғайлы орында отыруына ықпал етемін.

Дескриптор:
Әрбір дұрыс сәйкестендіру үшін 1 балл. Есептеуге 1балл.

Ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыны «Жарайсың!» деген мадақтау сөзбен ынталандырамын.





ДК экраны
карточкалар

Сабақтың ортасы


10мин


Топтық және жұптық жұмыс



«Жигсо» әдісі
1-топ
Төмендегі суреттегідей жолдармен шектеліп жатқан параллелограмм тәріздес күріш алқабының 1га-нан 60ц күріш жиналатын болса, барлығы қанша өнім жиналады?

2-топ
Төмендегі суретте көрсетілгендей іргелес жатқан M және N жолдары 60 жасайды.Жолдармен шектелген параллелограмм тәріздес бидай алқабының 1га-нан 40ц астық жиналады. Барлығы қанша өнім алынады?

3-топ
Суретте көрсетілген параллелограмм тәріздес егін алқабының жарты өнімін жинап болғаннан соң, жұмысшылар үйіне қайту үшін ОА және ОВ жолдарын таңдайды. Егер осы алқаптың 1га-нан 130ц өнім алынса, онда барлығы қанша астық жиналды?


Әрбір топқа бір есептен беріледі. Есепті топ шығарып біткен соң, оқушылар жұптасып өзге топқа өз есептерін жұптасып түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет