Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау.
Түрлі машина тігістерін қарастыруды ұсыну.
Астыңғы және үстіңгі жіпті керетін реттегіштің қалай жұмыс істейтінін, ине нөмірін таңдауды, оны дұрыс орнатуды көрсету. Келесі іс-әрекеттерді кезеңімен орындау ұсынылады:
Шарыққа (шпулька) жіп орау.
Үстіңгі және астыңғы жіпті сабақтау.
Мата қиығына тігім жүргізу.
Жіптің керілуі мен ине шаншым ұзындығын реттеу.
Тапсырма .Түрлі мата қиындыларында машина тігістерін орындау
- Үстіңгі жіптің керілуі қалай реттеледі?
-Астыңғы жіптің керілуі қалай реттеледі?
- Инешаншым ұзындығы неге байланысты?
- Машина тігімінде кездесетін ақауларды ата.
- Тігімдегі астыңғы немесе үстіңгі жіптің іркілуін қалай жөндеуге болады?
|
Оқушыларға қол тігістері мен машина тігістерімен орындалған бұйымды қарастыру ұсынылады. Екі тігістің қалай орындалғанын және қандай құрал-жабдықтар пайдаланғандығын анықтайды.
Оқушылармен матамен жұмыс барысында тігістің қолданылуын, оның қалай жүргізілетінін, тігін машинасының қалай жұмыс жасайтынын талқылау.
|
Дескрипторлар:
Машинаның үстіңгі және астыңғы жібін дұрыс өткізеді;
Мата қиындысын тігін машинасына дұрыс орналастырады.
Инешаншым ұзындығын матаға байланысты дұрыс таңдайды;
Техника қауіпсіздігін сақтап, тігіс түрлерін орындайды.
|