«Миға шабуыл» әдісі
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандай бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясы арқылы оқушының шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Осы әдіс арқылы жаңа тақырыптың жолы ашылады.
Портреттің пайдасы қандай?
Портрет не туралы сыр шертеді?
Мына үш бейнелерде қандай ортақ түйін бар?
1. «Автопортрет» Гүлфайруз Исмаилова.
2. «Бақыт» Салихитдин Айтбаев.
3. «Қазақ Хандығына 550 жыл» Ерлан Айтуаров.
Портреттің түрлері:
1-ші сурет – «Автопортрет»,
2-ші сурет – «Жұптық портрет»,
3-ші сурет – «Топтық портрет».
|
Дескриптор: Білім алушы
--Сурет жанрын анықтайды;
--Портрет-тегі түстік ерекшеліктеріне талдау жасайды;
--Оқушылар «Портрет түрлерін» түсінеді және бір-бірінен ажырата алады
|
Бағалау: смайлик
Белсенді оқушылар смайликпен бағаланады
|
Слайд №4
Оқулық.
Портреттің түрлеріне байланысты репродукциялар
|
5-мин
|
«Түрткі болу» әдісі
Жауап алу үшін және оқушының жауабын түзету үшін қажет (сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу).
«Абылай хан» А.Дүзелханов.
«Автопортрет» Ә.Қастеев.
Портреттің түрлері:
1-ші сурет – «Салтанатты портрет»,
2-ші сурет – «Камералық портрет»,
Оқулықпен жұмыс. Суреттерге талдау жасау.
|
Дескриптор:Білім алушы
--Портрет түрлерін сипаттайды;
--Суреттегі кейіпкерді сипаттайды;
--Атақты портретшілерді атайды;
|
Бағалау: смайлик
|
Слайд №5
Репродукцилар
Оқулық
|