Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
. «Шатасқан оқиғалар» әдісі. Әңгіменің сюжеттік дамуын ретімен қойыңдар.
|
1-тапсырма:
Сюжеті Реті 1. – Әже, әже болсаңыз, онда бізге ертегі айтып беріңізші, - деді сөздің ретін бағып үндемей отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған күйі. 5 2.Мақсатым – қыздарыма өз әжем сияқты нағыз қазақы кейіптегі кейуананы көрсету еді. 2 3.Перзентханада дүниеге келіп, балабақшада өсіп-өніп жатырған бүгінгі заманның сәбиі үшін менің айтқан ертегілерім қызық та тосын дүниелер 1 4.Әйтсе де жақын адамның тұңғышы оқуға түсіп жатырса, ондай қуанышқа ортақтаспау адамгершілікке жата ма? 3 5.Өзінің сырт нұсқасы мен білетін ауыл әжелеріне онша келіп тұрған жоқ. 4 6. – Папа, сен бізге бәрібір нағыз әжені көрсетесің ғой, - деді ол жаңағыдан гөрі жадыраңқырап. 6
|
Дескриптор:
Ұжымдық жұмыс:
- Әңгіменің сюжеттік даму ретін анықтайды. - Мәтін мазмұнын түсінеді.
|
Оқулық
5-сынып
|
Топтық жұмыс
|
«Кубизм» әдісі. Әңгіменің сюжеттік желісі бойынша.
|
2-тапсырма:
1 топ сұрақ дайындайды
2 топ өздеріне ұнаған жерлерін баяндап береді
3ші топ мазмұның айтады
|
Дескриптор: Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
Жалпы-4 балл
|
Оқулық
5-сынып
|
Жұптық жұмыс
|
№3-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
3-тапсырма:
«Еркін жазу » әдісі. І топ: Әкесін тәрбиелеген әже мен қонақта көрген әжені және өз әжелеріңді салыстырып, бүгінгі өмірмен байланыстырыңдар. ІІ топ: Балқыз бен Әсия келіннің іс-әрекетін үйлеріңдегі жеңгелеріңмен салыстыра суреттеңдер. ІІІ топ: Жолдас пен Азат бейнесін бүгінгі шынайы өмірмен байланыстыра сипаттап жазыңдар.
|
Дескриптор:
Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра сипаттауда нақты дәлелдер келтіре алады. -Өз ойын жеткізуде әдеби көркемдегіш құралдарды тиімді қолдана алады. -Орфографиялық,пунктуациялық нормаларды сақтап жаза алады. -50-60 сөз көлемінде мәтінді жаза алады.
Жалпы-3 балл
|
Оқулық
5-сынып
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|