Білімділік: мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеріп, қатені түзетеді; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық:сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: әдепті, сыпайы болуға, біреудің затына құрметпен қарауға үйренеді.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Ойсергек. «Қар лақтыру» ойыны.
Оқушылар қағаз парағына кез келген әріпті немесе сөзді жазып, парақты қарша умаждап, бір-біріне қар лақтырғандай лақтырады. Мұғалім
«тоқта» деген кезде, қолына түскен қар-қағазды ашып көреді. Онда жазылған әріп немесе сөзге дыбыстық
талдау жасайды. Осылайша өткен әріптерге шолу жасалады.
Қағаздағы жазулар
245
Сабақтың ортасы (26 мин)
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сөз мағынасымен жұмыс істеу, сөздерді дұрыс оқу, сөздерді дұрыс сәйкестендіру, көркем жазу дағдыларыңды бекіте түсесіңдер.
Көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Бір-біріңді тексеріп, қателеріңді түзеуге машықтанасыңдар.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Қолдау
(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. Оқылым. Оқулықтың 74-бетіндегі 1-тапсырмада берілген «кіші» сөзіне мағынасы қарама- қарсы сөзді табу. Тапқан сөздерінің дұрыс не бұрыстығын жұппен жұмыс арқылы тексеру және түзету.
Тышқан, піл сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар тапқан сөздерінің дұрыс не бұрыстығын жұппен жұмыс арқылы тексереді және түзетеді.
Мағынасы қарама-қарсы сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Қолдауды қажет ететін оқушылар- ға көмек беру.
Оқулық Сурет
Суреттер, оқулық
кіші үлкен 3. Мәреде берілген сөздерді дұрыс, шапшаң оқу. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
3. Уақытты белгілеп, сөздерді шапшаң, қатесіз оқиды. Дыбыстық талдау жасайды.
Мақтау
Сызба
Күн – таға – ақпан – кезек – жантақ – шаңырақ – ірімшік. 4. Тиісті сөздермен сәйкестендіріп оқу.
4. Сәйкес сөздерді табады, оқиды. Менің үстелім, көбелегім.
Оқулық
246
Жазылым Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Керекті сөздерді қолдана отырып, сөйлем құрап жазу.
Жапалақ сөзін сызбаға сәйкес буынға бөліп жазу.
Сенің дәптерің, балапаның. Оның үйі, ілгіші.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: керекті сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрап жазады.
Жапалақ сөзімен сөйлем құрап жазады.
Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –
«Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».