Бөлім: Әліппе кезеңі
|
|
|
Педагогтің аты- жөні:
|
Күні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Щ дыбысы және әрпі
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: жеке бас гигеналық талаптарын сақтап, таза жүруге үйренеді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (1–7 мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. Сыпырғыш aп сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым кеп. Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
|
Өлеңді мұғаліммен бірге қайталап айта отырып, қимыл жасайды.
|
Қолдау
|
Өлең
|
Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Щ» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Щ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
|
Қолдау
|
|
283
|
«Щ» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет бойынша әңгіме құрау.
|
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Айша тіс щеткасымен тісін тазалады. Ал Сәкен киім щеткасымен плащын тазалады. Олар тазалықты сақтайды».
Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).
Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Ал Сәкен киім щеткасымен плащын тазалады.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 6 сөз бар.
Өтілетін жаңа дыбысы бар
«щетка» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «щет-ка» деп буынға бөледі.
«Щет-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс буын басында созылмай айтылып тұрғанын табады.
«Щ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Ермексаздан «щ» әрпінің сұлбасын жасайды.
1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен
үндестіріп оқиды.
|
|
|
|
Қолдауды қажет
ететін оқушыларға көмек беру.
|
Суреттер, оқулық
Сызба
|
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «щетка» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«Щ» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.
«Щ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.
Ермексаздан «щ» әрпін жасау.
|
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
|
Ермексаз. Әріптің жазылу емлесі.
Баспа түрі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |