(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
Оқылым.
Оқулықтың 44-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.
«Д д» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнымен танысу, оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру.
Жазылым
Оқулықтағы «Д д» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«Д» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«Д» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
|
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,
«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан
«дана», «дос» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Д әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Д әрпі кездесетін сөздерді, сөйлемдерді көркем жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген
дөңгелек-шартты белгілерді бояйды:
|
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Мақтау
Оқушыларға қолдау көрсету.
|