|
|
Оқушылар суретте берілген қателерді табады (қоянның құйрығы, түлкінің құйрығы және тауықтың құйрығы бір-бірімен ауысып кеткен). Қоян, түлкі, тауық сөздерін буынға бөледі: қо-ян, түл-кі, та-уық.
Оқушылар дауысты дыбыстан басталатын жемістерді атайды: алма, апельсин.
Оқушылар дыбыс сызбасының дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады, сөздерді сызба-модельге
сәйкес буынға бөледі, мәтін құрайды.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Оқулық
|