Қызығушылықты ояту.
(3 минут)
|
ҰЖ. 1-тапсырма
Шығарманы қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында "Домино" әдісін қолдану
Берілген бөлім атауларын ретімен қойып,бөлімге сай кейіпкерлерді түсіндіре отырып,әр бөлімге орналастыру .
1-Ерғабыл алагеуімде тұрып далаға шығып,қыстауын аралап шықты.Өткен күндердің куәсі болған біртірі пендемен кездесе алмағанын ойлап,ол кісілердің тіршілікте жоқ екені есіне келіп, өзі-өзінен шошыды.Ал кемпірі болса,бүгін баласының келетінін айтып,тіпті баласына еріп қалаға кетпек ойының барын айтып Ерекеңді ашуландырды.Ағайын-туыс,өз елімді тастап ешқайда кетпеймін деп бір қайтарып тастады.
2.Баласының келгенін айтып кемпірі үйге жүгірді.Ерекең болса орнынан тұра алмай тәлтіректеп,ат жақты, қапсағай денелі жігітті құшақтай алып,омырау, жеңі ашық ,қысқа шашты,толық ажарлы келіншекті маңдайынан амалсыздан
сүйген болды.Өзіне зорға дегенде жақындаған аяқ-қолы шидей,көзі қитар,алтылар шамасындағы ұл баланы- немересін бауырына басып, бетінен сүйді.
3.Ауыл қонақтары келіп,Сапабек барлығын өзіне қаратып барған жерлерін,мақтана айтып аузы босамады.Тома болса қала қыздары құсап,жайылған көрпеге дұрыс отыра алмай ,біресе жер тіреп,біресе жамбастап,жұрттың айтқан әңгімелерін де жөндеп түсінбей,әркімге қарап,енесіне сауыр әкелісіп,енесінің айтуымен шай құйған болды.Арасында баласы орысшалап, балалардың көлге баратынын айтқанда қатты дауыс шығарып айқайлап шалдардың бәрін өзіне қаратты.Баласының өзі сияқты геолог болғысы келетінін айтып Сапабек мақтанғанда,оны қолдаған жастар жағына шал зекіп тастады."Қуса мына менің жолымды қусын!Ие болсын шаңыраққа!Менің немерем де мені бақпаймын дейді деп Абыл күлгенде Ерекең күлмей,ренжіп отырды.
4. Домбыраны алған Аспандияр әнді дұрыс бастай алмай,ақыры Ерекеңнен сөз естіп барып,домбыраны күмпілдеген әнге бастап тартып кетті.Қыз--келіншектер сыртта ән тыңдауға келіп тұрды.
5.Әкесіне қашан жүретінін естірткен сапабек ақталғансып жатты.Демалыстың бітіп қалғанын, ұшаққа отырудың аазабын айтып жатты.Немересін қалдыруды сұрағанда өздеріңіз білесіздер мазаларыңды алмаса деп,ертесіне орыс мектебінің жоқтығын айтып сылтауратты.Алған сыйлықтарын ,жинаған ақшаларын қалдырып,қоштасып кетіп қалды.Көзінің жасын сүртіп шешесі қалды,әкесі болса келесі күні кетпенін алып,қыстау жанындағы қораға кетті.
Дескриптор:
-Әңгімені бөлімдерге бөле алады.
-Бөлім бойынша кейіпкерлерді анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау «Толық ай, жарты ай, жаңа ай»
|
Сабақтың ортасы
(14 минут)
Мағынаны тану
Талдау, жинақтау дағдылары
Сергіту сәті
Бағалау дағдысы
(14 минут)
|
Бірлескен оқу.
ТЖ.2-тапсырма
Эпизод -оқиғаның ішіндегі шағын оқиғасы.
Шығармадағы кейіпкерлер бейнелерін эпизод арқылы салыстырады
"Екі жақты күнделік" әдісі арқылы эпизодтарды салыстыруға тапсырма :
1-топқа
№1 эпизод
Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп,ат жақты,қапсағай сары жігітті құшағына қысты.Одан соң омырау,жеңдері ашық,шұбар көйлек киген,шашын қидырған топ-толық,ақсары,ажарлы келіншекті шіміркеніңкіреп,маңдайынан сүйген болды. Шал өзіне зорға келген немересін бауырына басып,бетінен сүйді.
№2 эпизод
Келесі күні Ерекең кетпенін алып,"қысқа отын жоқ,бар кезінде қи ойып алайын " деп қыстау жанындағы қораға кетті.Уайымын басу үшін тағы да жігіттік дәуренін,бұрынғының адамдарын еске түсірмек болды.Бірақ құлазыған көңілге ештеңе алданыш болмады.
Менің пікірімше...
Дескриптор
-оқиғаны салыстырады
-көңіл-күйін салыстырады
"Екі жақты күнделік" толтыру арқылы оқиғалар мен кейіпкерлердің сезімі салыстырылады. Ерғабыл Қарт туралы
Ерғабыл қарт қуанғанынан орнынан тұра амай қалғаны шығар.Әрі балаларын қатты сағынып,тезірек көргісі келді.Олардың осы жолы ауылда біраз күн болып өздеріне көмектеседі немесе немеремді қалдырып кетеді деген үміті бар сияқты.Онша жақсы көріп тұрмаса да орысқол келіншекті бетінен сүйіп қарсы алды.Өзіне жақын тартып келмей тұрған немерені де бауырына қысып,ұрпағының,ізбасарының барлығына қуанып риза болды.
Қарттың қуанышы су сепкендей басылды. Көңілін жұбатар жалғыз кемпірден басқа ешкім болмады. Өмірде қатары сиреген қарт ата жұбанышы балаларының да бір күннен артық қасында болып,мауқын баса алмай,ішкі сырын бөлісер жақыны,артында қалар тұяғы,жан дегенде жалғыз баласы жасаған қызметінен басқа ештеңеге бас қатырмағаны, қарттық келгенде қасында болмағаны өмірге деген үмітін үзгендей болды.Қазақтың салтын білмейтін келін мен қазақша түсінбейтін бала тәрбиелеп отырған баласына өкпелі.
Сапабек туралы
2-топқа
№1 эпизод
Бұдан соң Сапабек дүйім жұртты аузына қаратып ,өзінің Лондонға,Будапештке,Мароккоға,Италияға барған сапарларын әңгімеледі.
Бөтен жат халықтардың дәстүрін, мәдениетін, адамдарын мақтады.
Италиядағы кедейлердің ауыр тұрмысына аяныш білдірді.
№2 эпизод
Түстен кейін жалдап алған машиналарының кабинасына Жеңіс пен Томаны отырғызып, сыртқа Сапабектің өзі отырып,әке-шешелерімен тура өткен жылғыдай сүйісіп қоштасып,"ренжімеңдер" деп ақыл айтып,ауылдан шығып кетті.
Менің пікірімше....
Дескриптор
-оқиғаны салыстырады
-көңіл-күйін салыстырады
Сапабектің ауылға келіп, Сапабектің ата-анасымен
ата-анасымен, қоштасар кезіндегі сезімі
ауыл адамдарымен кездесуі
Эпизодта Сапабек өзі көрген жерлер туралы ауыл адамдарын хабардар қылғысы келді. Шет мемлекеттердің тұрмыс-тіршілігін,дәстүрін,мәдениетін,адамдарын мақтады..Білімді,оқыған жігіт басқа елде көрген-түйгенімен бөліскісі келді.Сапабек ауыл адамдарына түрлі ел мәдениеті туралы айтып,жастар жағын өзіне баурап әкетті.
Уақыты тығыз болғандықтан өткен жылғыдай асығыс қоштасып кетіп қалды. Баласын да ауылда орыс мектебінің жоғын сылтауратып тастай алмады.Әке-шешесіне қалдырған базарлықтары мен біраз ақшалары Сапабек үшін әке-шешеге берген көмегі сияқты. Ата-ана алдындағы парызды өтеу деген ұғымды терең түіне алмағаны өкінішті.Білімді,білікті болып тек жұмыс жасаумен өмір сүріп жүрген Сапабек секілді жастарға айтарым.Абай атамыз айтқан "Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың. " Сондықтан ата-ана алдындағы парызымызды дұрыс түсінейік дегім келеді.
Қалыптастырушы бағалау.
«Екі жұлдыз,бір тілек" арқылы әр оқушы жауабынан кейін бағалайды.
Жұлдыз:" Басты кейіпкердің ішкі сезімін жақсы,дәлелді жеткізе білді.
Шығарма оқиғасын салыстыру нақты болды".
"Әке, бала туралы "әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту
Белсенді оқу. ЖЖ.3-тапсырма
|