|
– Бұл сөздер қандай әріппен жазылған? Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Оқушылар ережені еске түсіреді.
27-жаттығуда оқушылардың назарын оқулықта берілген суреттерге аударып, олардың астындағы жазуларды оқиды.
«Суреттерге қатысты сөздердің бірі кіші әріппен, екіншісі үлкен әріппен жа- зылу себебі неде деп ойлайсың?» сұрағы- на жауап алынады. Содан соң өз қоры- тындыларын жасатып, оны оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыс-
тыру арқылы кері байланыс жасатылады. 29-жаттығу. Өлеңдегі негізгі ойды анықтап, зат есімдерді табу білігін баға- лайды.Өлеңді оқушылардың дұрыс әрі түсініп оқуына басшылық жасалады.
Өлеңдегі негізгі ойды анықта.
Жалқы есімдерді тап.
|
Зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажыратып, жалқы есімнің жазылу емлесін естеріне сақтайды.
Ережені оқып, өз сөздерімен қайталап айтып береді.
Өлеңдегі негізгі ойды анықтай- ды. Өлеңнен жалқы есімдерді тауып, оларға сұрақ қояды. (Қанат, Марат, Таңат, Та- лап, Самат, Сағат, Жанат, Манат)
|
|