Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу мақсатымен таныстырып кетеміз. Мұғалім мен оқушы сұрақ жауап түрінде пікір алмасады.
Алкандар қандай химиялық реакцияларға түсе алады?
|
Мұғалім: Алкандар төмен активтілікке ие. Бұл құрамындағы дара C—H және C—C байланыстардың салыстырмалы түрде беріктілігімен айқындалады.
Көміртектік байланыстар полюссіз болғандықтан, ал С—Н байланыстар аз полюсті, екеуі де аз поляризацияланатын және σ-түрге жатқызылады, олардың үзілууі көбіне гомолитикалық механизмге ұқсас болып келеді, яғни радикалдардың түзілуімен.
Орынбасу реакциясы
Осы реакцияның механизмін қарастырайық
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/820bba28-8db6-4ddf-9038-bc1151e24837
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Осы реакцияның механизмін қарастырайық
Реакцияның механизмі дегеніміз элементарлы кезеңдермен берілетін химиялық реакцияның толығымен сипатталуы. Алкандардың галогендеуі тізбектік бос радикалды орынбасуға жатқызылады. Маңызды! Бос радикал – бұл жұптаспаған жалқы электроны бар атом немесе атомдар топшасы.
|
Алкандардың галогенденуі жалпы қабылданған үш кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:
1-Инициирлеу (тізбектің тууы).
2-Тізбектің өсуі
3-Тізбектің аяқталуы
Иницирлеу
УК-сәулелену (ультракүлгін сәулелену) әсерінен немесе қыздырудан гомолитикалық үзілу хлор молекуласында жүреді және атомдарға ыдырайды :
Тізбектің өсуі
Тізбек кезектес қайталанып отыратын бос радикалдардың және активсіз молекулалардың әреттесуінен өсіп отырады, соның нәтижесінде жаңа молекулалар мен жаңа радикалдар туындайды.
Бірінші кезеңде туындаған радикалдар (хлор атомдары) алкан атомдарын шабуылдап, сутек атомдарын бөледі.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|