Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
12 минут
|
Сапқа тұру. Кезекшіден мәлімдеме қабылдау.Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен мақсатын айт\ып түсіндіру. Спорт залды айналып жүру және жүгіру жаттығуларын орындау. Алға және артқа қарай жүгіру.Оң және сол жақ бүйірмен оңға солға қарай жүгіру.Бұрыштан бұрышқа жүгіру. Аяқты алға қарай созып жүгіру, артқа жанға тастап жүгіру. Оң аяқты көтеріп сол аяқпен секіріп жүгіру, сол аяқты көтеріп оң аяқпен секіріп жүгіру. Жартылай және толық отырып жүру. Секіріп жүру, жылдамдыққа жүгіру.Тыныс алу жаттығуларын орындау. Сыныпты топқа бөлу. Жалпы даму жаттығуларын орындау.
|
Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік.
Ысқырық, секундомер.
|
Сабақтың ортасы
23 минут
|
Тапсырма:
Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс. Эстафета ойынын ойнаймыз.
Дескриптор:
- саптағы және қозғалыста орындалатын жаттығуларды орындауды біледі;
-жаттығуларды бұйрық бойынша орындайды;
-сапта және қозғалыста жүрудің және де эстафетаның әдістерін біледі;
-орында және қозғалыста бір лектен, екі, үш, төрт лекке тұруды орындайды;
-оңға, солға, артқа бұрылу бұйрықтарын түсініп қолданады;
-бөліну әдістерін көрсетеді
-жылдамдықты өзгертіп допты алып жүруді орындайды;
-«Рухани жаңғыру –дәуір талабына сай жаңғыру»
-«Рухани жаңғыру-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»
-«Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі»
-«Рухани жаңғыру-ұлттық сана-сезімінің көкжиегін кеңейту»
Мен осы сабақта «Жарыс сабағы» әдісін қолдандым. Жарыс сабақтың барлық кезеңдерінде және оқудың барлық сатыларында болғаны дұрыс. Сабақтағы бәсекелестік оқушылардың физикалық қабілеттерін дамытуға, танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар сабақтағы эмоциялық әсерлілік деңгейін күшейтіп, оқушылардың белсенді болуына көмегін тигізеді.
|
Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік.
Ысқырық, секундомер, доптар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |