(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Роботтар жайлы қандай әдеби шығармалар оқығансың?
Роботтар жайлы ең танымал шығармалар жазған жазушыларды білесің бе? (1-сурет).
Роботты қозғалысқа келтіретін қандай мотор бар? Есіңе түсір.
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –«Өте жақсы!»; Төртбұрыш – «Жақсы!»; Үшбұрыш – «Талпын!»
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
(31 мин)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Мәтінмен жұмыс істеу: «ДЖИГСО» әдісі
ДЖИГСО әдісімен жұмыс істеу ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты — жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, тәртіп орнайды.
|
Дескриптор
Жаңа сабақтың мәтінін оқиды.
Топтық талдау жасайды.
Бір-бірімен мәлімет алмасады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |