Сабақты талдау түрлері мен типтері Сабақты талдаудың жалпы критерилері Сабақты өзіндік талдаудың деңгейлері



бет5/7
Дата02.01.2024
өлшемі30.36 Kb.
#488363
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері Көкейхан З

Сабақты өзіндік талдау

  1. Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:

Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?
Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?
Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?

  1. Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:

Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма?
Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?
Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма?
Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?
Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма)
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?

  1. Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:

оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?
Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?
Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?
Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма?

  1. Сабақ барысында тәрбиелеу.

Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма?
Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?
Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?
Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?

  1. Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.

Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет