Сабақты талдау түрлері мен типтері Сабақты талдаудың жалпы критерилері Сабақты өзіндік талдаудың деңгейлері


Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары



бет3/7
Дата02.01.2024
өлшемі30.36 Kb.
#488363
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері Көкейхан З

Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

  • танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;

  • оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);

  •  оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;

  • оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;

  • оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;

  • жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;

  • қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;

  • оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету;

Сабақ құрлымы:
Кәзіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады.
Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады.
Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.
Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін:

  • оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;

  • сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;

  • материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;

  • оқытудың ұтымды әдіс – тәсілдері, амалдарын таңдау;

  • оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;

  • оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын амтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет