Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет13/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Сабақтың түрі Тәжірибелік сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар слайд, жазбалар, сызбалар
б) үлестірмелі материалдар
в) ТОҚ: мультимедиялы тақта
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі

  1. Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

  2. Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1. Зертханалық ыдыстарды физикалық тазарту әдісі
2. Зертханалық ыдыстарды химиялық тазарту әдісі
3. Зертханалық ыдыстарды зарарсыздандыру
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
4 тақырып
Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық техника
1. Зертханалық техника – зертханада әртүрлі зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін аспап-құралдардың, аппараттардың, техникалық құрылғылардың жиынтығы.
Зертханалық техника төмендегідей жіктеледі:
- қолдану аясына қарай жалпы және арнайы;
- ветеринариялы-биологиялық зерттеулер сипатына байланысты микробиология-лық, биохимиялық, гематологиялық, гистологиялық, иммунологиялық, патолого-анато-миялық, ветеринариялы-санитариялық және т.б.;
- зертханалық үрдісте алатын орнына қарай талдауға арналған және талдау жүргі-зуге дайындайтын;
- тағайындалуына байланысты жалпы техникалық және ветеринариялық зертхана-лық техника болып бөлінеді.
1.1 Жалпы зертханалық техника төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Суды дисстилдеуге және деминералдауға арналған аппаратуралар (дистиллятор, би-дистиллятор, аквадистиллятор, апирогенді су алуға және суды деминералдауға арналған аппараттар).
2. Қыздыруға, кептіруге және термостаттауға арналған аппаратуралар (тигель, муфель ошағы-пеші, инфрақызыл сәулелендіргіштер, колбақыздырғыштар, термостаттар, ультра-термостаттар, зертханалық моншалар, т.б.).
3. Өлшеуге арналған аппаратуралар (техникалық, аналитикалық, тең иықты, торсионды, электрлі, таразылар, т.б.).
4. Центрифугалауға арналған аппаратуралар (зертханалық және клиникалық центри-фугалар, вакуумдық және рефрижераторлық, препараттық және аналитикалық ультра-центрифугалар).
5. Индикациялауға, идентификациялауға және мөлшерлеуге арналған аппаратуралар (микроскоптар, колориметрлер, нефелометрлер, спектрофотометрлер, рефрактометрлер, термометрлер, т.б.).
6. Шайқауға және араластыруға арналған аппаратуралар (шайқағыштар, механикалық және магниттік араластырғыштар).
7. Қосалқы қондырғылар мен құрылғылар (ыдыс жууға арналған машиналар, тұрмыстық тоңазытқыштар, компрессорлар, вакуум-сорғыштар, насостар, т.б.).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет