Ашық спиральді плиталарды пайдалану өте қауіпті, сондықтан тек аса қажет болған жағдайда, сақтықпен қолданған жөн.
Су моншасы отқа қауіпті заттарды қыздыруға өте қолайлы. Сондай-ақ әртүрлі серо-логиялық реакциялар жүргізгенде белгілі бір t-ны ұстап тұру қажет болғанда су моншасын қолданады. Арнайы температура реттегіші бар, 30оС-ден 100оС-ге дейінгі аралықтағы жылуды керегінше ұстап тұруға болады.
Құм моншасы – пішіні борты бар электрлі плита тәрізді. 100оС-ден жоғары қыздыру қажеттігін өтейді. Қыздырғыш ретінде тазартылған кварц құмы пайдаланылады. Құм моншаларының артықшылығы қыздыру барысында тұрақты t-ны ұстап тұруға болады, ал кемшілігі құм жай қызады және ең жоғарғы t- 400оС-ден аспайды.
Ауа моншасы қайнау t - 100оС-ден жоғары сұйықтарды қыздыру үшін қолданылады. Қыздыру ортасы ауа болып тұрады. Ауа моншасының ең жоғарғы қыздыру t-сы 200оС.
Колба қыздырғыштар түбі шар тәрізді шыны ыдыстарды қыздыру үшін қолданылады. Пішіні электрлі плитаға ұқсас, бірақ ортасы конус тәрізді немесе шар тәрізді ойық келеді.
Муфель ошағы - пеші. Электрлі муфель пеші қыздыру, күлдендіру, балқыту үшін және әртүрлі өте жоғары t қажет болған жағдайда қолданылады. Қарапайым муфель пештерінде t - 1000-1200оС, ал арнайы түрлерінде одан да жоғары болады. Пеш қыздырғыш спиральмен оралған шамоттан (отқа төзімді батпақ) тұратын муфель, ол темір корпуспен қапталады.
Тигель пеші муфель пешінің бір түрі болып табылады және айырмашылығы тек пішініне және ішіндегі керамикалық муфельдің орналасуына байланысты.
Зертханаларда қыздыру мақсатында сондай-ақ газды және спиртті шілтерлер қолданылады. Әртүрлі газды жанғыштар (Бунзен, Теклю, Меккер) түрлері зертханалық жұмыстарда қыздыру үшін қолданылады, ал көлемі үлкен ыдыстағы сұйықтарды қыздыру үшін газ плиталары пайдаланылады.
Спиртті шілтерлер немесе спиртовка, бұлар кішігірім зертханалық жұмыстар жүр-гізу үшін, пробиркадағы сұйықтарды қыздыру үшін, қолданылады, себебі спиртті шілтерлер (спиртовкалардың) от жалынының қызуы өте төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |