Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


«Техникалық лабораториялық жұмыс»



бет2/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

1. «Техникалық лабораториялық жұмыс» пәні зертханалық қондырғылармен, техникамен, сондай-ақ зертха-налық жануарлармен жұмыс істеу тәсілдерін үйретіп, болашақ мамандардың өз беттерінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Техникалық лабораториялық жұмыс пәнінің негізгі міндеті барлық жүргізілетін зертханалық зерттеулерді толығымен әдістемелік, техникалық және олардың тәжірибелік жүзеге асуын қамтамасыз ету.
Сондықтан да «Техникалық лабораториялық жұмыс» пәні жалпы биологиялық, клиникалық, ветеринария-лық және техникалық ғылым салаларымен тығыз байланысты.
2. Ветеринариялы-санитариялық зертханалар әртүрлі биологиялық нысандарды, олардың құрылысын, құрамын, қасиеттерін және оларда жүріп жатқан химиялық-био-логиялық процесстерді зерттейтін мекеме болып табылады.
Ветеринариялы-санитариялық зертханалардың негізгі міндеттері: аурулардың алдын-алуға және жоюға бағытталған ветеринариялы-санитариялық шаралар ұйымдастыру; ауру-ды анықтау мақсатында балау жұмыстарын жүргізу; мал өнімдерінің (ет, сүт, май, жұмыр-тқа, балық, т.б.) санитариялық сапасын анықтау; адаммен мал арасында індетті аурулардың таралмауын қадағалау және т.с.с.
Ветеринариялы-санитариялық нысандар өкілдерінің бірі ветеринариялық зертханаларда мынадай бөлімдер орналастырылады:
- қабылдау бөлмесі – зерттеуге түскен материал қабылданып, құжатталады;
- бактериологиялық бөлім – бактериологиялық зерттеулер жүргізуге арналған;
- серологиялық бөлім – қан сарысуымен серологиялық реакция қоюға арналған;
- клинико-диагностикалық бөлім – биологиялық сұйықтықтарды зерттеуге арнал-ған;
- химико-токсикологиялық бөлім-материалдағы улы заттарды анықтауға арналған;
- тағамдық бөлім – малдан алынатын өнімдерді санитариялық-гигиеналық зерттеуге арналған;
- патологоанатомиялық бөлім – мал өлекселерін және олардың патологиялық мате-риалдарын зерттеуге арналған;
- Асколи кабинеті – сібір жарасын анықтауға арналған бөлме;
- Паразитология бөлімі – гельминтологиялық және протозоологиялық зерттеулер жүргізуге арналған;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет