Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет33/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

1.1 Бояулардың қысқаша сипаттамасы
Фуксин, базикум (басқаша диамантфуксин). Алкогольде жақсы еритін, ал суда нашар еритін кристаллдар. Ерітінділерде ашық түсті. Ұнтақ секілді қызғылт түсті негізгі фуксин су мен алкогольде өте нашар ериді, ал қышқыл фуксин суда жақсы ериді. Сулы ерітінділерде қызыл түсті, ал спиртте әлсіз қоңыр-қызыл түс береді.
Сафранин - қоңыр-қызыл түсті ұнтақ алкогольде жақсы, ал суда нашар ериді; ерітіндісі қызыл түсті.
Метильді синка - металдың жылтыры бар майда жасыл кристаллды ұнтақ түрінде шығарылады. Су мен алкогольде жақсы ериді.
Кристаллвиолет – жасыл кристаллдар, су мен алкогольде жақсы ериді.
Метилвиолет тұрақсыз қоспа. Ол 4В, 5В, 6В деген атпен беріледі. Көгілдір түсті.
Генцианвиолет - кристаллвиолет пен метилвиолеттің қоспасы. Алкогольде жақсы, ал суда нашар ериді.
Тионин - қоңыр жасыл түсті ұнтақ, мұздай суда нашар, ал ыстық су мен алкогольде жақсы ериді. Ерітіндісі көгілдір түсті.
Жасыл малахит - ашық жасыл жылтыраған кристаллдар және сарғыш жасыл майда кристаллдардан тұрады. Алкоголь мен суда жақсы ериді.
Везувин - қаралау қоңыр ұнтақ. Ыстық су мен алкогольде жақсы ериді. Ерітіндісі қоңыр түсті.
1.2 Жағындыны дайындау. Таза, майсыздандырылған заттық әйнекке құбыр суының бір тамшысын тамызады. Пробиркадан бактериологиялық ілмешекпен зарарсыздандырыл-ған жағдайда микробтың бір түйірін іліп алып, тамшыда езеді. Суспензия (жағынды) қою болып кетсе, сумен сұйылту керек. Ол үшін қою суспензияның бір тамшысын екінші заттық әйнек бетіне су тамызып соған салып езеді. Жұғындыны жайып, бөлме темпе-ратурасында немесе спиртовканың жалынында әлсіз жеріне ұстап кептіреді. Ыстық жалында кептіруге болмайды. Өйткені бұнда торша ақзаты ұйып, оның пішіні мен құры-лымы бұзылады. Кептірілген препаратты бекітеді (фиксациялайды).
1.3 Жағындыны бекіту. Бекіту кезінде микроорганизмдер өледі, әйнекке жабысып қалады. Сонда жағындыдағы микробтар оңай боялады. Бекітуді жалында жүргізеді. Зат-тық әйнектің микробы бар жағын жоғары қаратып, спиртовка жалынында бірнеше рет қыздырып алады. Жалпы әйнек ысып қолға бата бастағанда бекітуді тоқтатамыз.
Әйнек салқындаған соң жағындыны бояйды. Метилен көгі мен фуксин ең қарапайым және іс жүзінде көп қолданылатын бояулар. Егерде фуксинмен боялса, препаратты бұл бояуда 2-3 минөт ұстайды, ал метилин көгі қолданылса, онда 3-4 минөт ұстау керек. Бұдан кейін бояуды сумен жуады немесе таза сумен біраз шаяды. Сонда аққан су мөлдір болуы керек. Сүзгі қағазбен әйнекті құрғатады, ал жағындыны сүзгіш қағазды ептеп жабу ар-қылы дегдітеді. Дайын препараттың бір бетіне бактериялар пішіні, препарат дайындаған студент-
тің фамилиясы, оқу тобының нөмірі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет