Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Тақырып Ерітінділер дайындау технологиясы



бет36/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

13 Тақырып
Ерітінділер дайындау технологиясы
1. Химиялық дәрі-дәрмектерге (реактивтерге) сипаттама
Химиялық реактивтер бұл зертханалық тәжірибеде әртүрлі химиялық реакция-ларды іске асыру үшін қолданылатын заттар.
Ветеринарияда химиялық реактивтер аналитикалық және диагностикалық мақсатта клиникалық, ветеринариялы-санитариялық, гигиеналық, сараптау, биохимиялық және т.б. зертханалық зерттеулерде қолданылады. Биологиялық және клиникалық практикада қол-данылатын зерттеу тәсілдері барлық талаптарға сай химиялық реактивтердің үлкен ассор-тиментін қажет етеді.
Мысалы, клиникалық және биохимиялық зерттеулер үшін жоғары деңгейде тазалан-ған ферменттерге арналған субстраттар, ферменттердің өздері, тәндік топтарға (SH, NH3 COOH- топтары) арналған реагенттер керек.
Химиялық реактивтер, көбінесе, жеке зат болып келеді, дегенмен, олардың құрамы көп жағдайда өте күрделі болады. Химиялық реактивтердің белгілі бір жіктелуі жоқ, оларды аналитикалық химиялық реактивтер және басқалары деп бөледі.
Аналитикалық химиялық реактивтер өз кезегінде төмендегідей топтарға бөлінеді:
Еріткіштер;
Бөлгіштер;
Балауға арналған;
Көмекші әсері бар.
Құрамындағы негізгі заттарына және қоспаларына байланысты химиялық реактивтер келесі түрлерге бөлінеді: «Химиялық таза» («ХТ»), «Анализге арналған таза» («ААТ») және «Таза» («Т»). Химиялық таза топтамасындағы реактивтердің құрамында негізгі зат-тың мөлшері 99% -дан жоғары, «ААТ» -99% -дан төмен емес, «Т» -98%-дан кем болмауы керек.
Химиялық реактивтердің көбінесе тазалығы жоғары шығарылады. Олар: индикатор-лар, ультрафильтрация үшін теруде, электрофорезде, хромотографияда, ион алмастырғыш шайырларда (смолада), әртүрлі полимерлерде қолданылады.
Зерттейтін және клиникалық зертханаларда мына изотоптары с14, н3, р32 және т.б. бар химиялық реактивтер кең көлемде қолданылады. Оларды төменгі температурада (20оС) сақтайды. Өте күшті әсер ететіндер, атылатындар және тез жанатын химиялық реактивтер арнайы сақталануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет