Оқытушы______________________________Матенова Н.М.
Әдіскер_________________________________Исаева А.Б.
Сабақтың технологиялық картасы
Пән: Зертханалық істер техникасы
Мерзімі Топ 314
Сабақтың № 9
Тақырыбы: Бактериологиялық қоректік орталар
Сабақтың мақсаты: Бактериологиялық қоректік орталардың жіктелуін, олардың химиялық құрамын меңгеру.
Білімділік Зерттеуге сынама алу тәртібі, технологиясын үйрету
Дамытушылық Зерттеуге сынам алу технологясын меңгерту
Тәрбиелік Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар слайд, жазбалар, сызбалар
б) үлестірмелі материалдар
в) ТОҚ: мультимедиялы тақта
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру
Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1) Зерттеулерге сынаманы алудың маңызы
2) Сынамаларды алу тәртіптері мен технологиялары
3) Сынамаларды зерттеу ережелері
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
№ 9 тақырып
Бактериологиялық қоректік орталар
1. Қоректік орталарға жалпы сипаттама
Қоректік орталар микроорганизмдерді өсіру, олардың таза өсіндісін бөліп алу, көбей-ту үшін және әртүрлі биохимиялық-культуралдық қасиеттерін зерттеу үшін қажет.
Микроорганизмнің өсуі үшін қоректік ортада міндетті түрде органоген көздері – O, H, C, N; күлдік элементтер- S, P, K, Ca, Na, Mg, Fe болуы қажет. Көптеген микроорганизмдер белгілі бір микроэлементтерді қажет етеді: Mn, Zn, Co, Cu және т.б.
Микроорганизмдердің өсіндісін алу үшін қолданылатын қоректік орталар мынадай талаптарға сай болуы (азот және көміртегі көздері), минералды тұздардың және микробтың өсуіне қажетті В тобының витамендерінің болуы, жеткілікті су мөлшерінің болуы, себебі микробтардың қоректенуі диффуздық жолмен іске асады, яғни микроб қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді; изотониялық осмостық қысымының болуы; белгілі бір мөлшерде сутегі иондарының концентрациясының болуы; оның стерильді және мөлдір болуы керек.
Гетеротрофты микроорганизмдер үшін әмбебап азот көзі ретінде пептон қолданыла-ды. Пептон – бұл ет, сүт, балық белоктарының ыдырау өнімі. Оның құрамында P, S және негізгі минералдық заттар, сондай-ақ азот және көміртегі бар. Көміртегі көзі ретінде қоректік орталарға көмірсулар қосылады (глюкоза, лактоза, сахароза және т.б.).
Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, қатты және қоймалжың бо-лады. Табиғатына қарай олар табиғи және жасанды болып келеді. Табиғи қоректік орталар мал (ет, сүт, қан, қан сарысуы) және өсімдік (көк-өніс, жеміс, дәнді дақылдар) өнімдерінен дайындалады. Жасанды қоректік орталар өсімдік, ет, сүттің қайта өңдеу өнімдерінен дайындалады, оларға көп жағдайда көмірсулар, ас тұзы, бояу және т.б. заттар қосылады. Жасанды қоректік орталардың негізгі бөлігін химиялық құрамы нақты белгі-ленген синтетикалық орталар құрайды.
Қолдану аясына байланысты қоректік орталар жай, арнайы және дифференциалды–диагностикалық болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |