Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет27/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

1.1 Жай қоректік орталар
Жай орталар микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға ЕПС, ЕПА, ЕПЖ және т.б. жатады.
а) Жай сұйық қоректік орталар – ет суы, ЕПС, пептонды су. Бұл орталар қатты етті, оларды және арнайы орталарды дайындау үшін негіз болып табылады.
Ет суы ЕПС, ЕПА, ЕПЖ дайындау үшін негіз болып табылады.
б) Жай қатты қоректік орталар – ЕПА, ЕПЖ.
ЕПС-на 2-3% агар қосып, ЕПА алады. Агар – теңіз балдырларының өңдеу өнімі болып табылады. Оның қоректік қасиеті жоқ, себебі оның құрамында микробтар сіңіре алмайтын күрделі көмірсулар (полисахаридтер) бар.
ЕПЖ – ЕПС-на 10-12% (қыста) немесе 18-20% (жазда) желатин қосу арқылы алынады. Желатин – сүйектердің, сіңірлердің және желім беретін заттардың қайнауынан алынған өнім.
1.2 Арнайы қоректік орталар
Арнайы қоректік орталар – жай қоректік орталарда өспейтін микробтарды өсіруге арналған. Бұларға ет–пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС), қантты агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған Саббуро ортасы, туберкуллез таяқшаларын өсіруге арналған қоректік орталар және т.б. жатады.
Ет–пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС) немесе Китт–Тароции ортасы – анаэроб микробтарды өсіруге арналған қоректік орта.
Глюкозасы бар ет–пептонды сорпа. Дайын ет–пептонды сорпаға 1% глюкозаны қо-сады.
Қан сорпа. Дайын ет–пептонды сорпаға алдын ала фибриллаларынан тазартылған қоян-ның, қойдың, жылқының немесе сиырдың қанынан қосады.
Сусло–агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған қоректік орта болып есептелінеді. Сусло – шарап жасауда, сыра даярлауда қолданылатын арпа дәнінен арнаулы технология бойынша өндірілетін зат. Дайын сусло болмағанда солодты ортаны пайдаланады.
Сабуро ортасы. 1литр дистильденген суға 18г агар қосып, 30 минөтке қалдырады. Агар ісінген соң 40г мальтоза немесе глюкоза және 10г пептон қосып, ортаны 120оС-қа дейін қыздырып ерітеді. Еріген ортаны мақта–мата сүзгісі арқылы сүзіп, 115оС-та 15 минөт зарарсыздандырады. Пайдаланар алдында қоректік ортаның 1 литріне 50000 ӘБ пенициллин және 40г стрептомицин немесе 350мг неомицин қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет