Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Бактерияларды Грам әдісі бойынша бояу



бет34/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Бактерияларды Грам әдісі бойынша бояу. Микроорганизмдерді жалпы бояу үшін метилин көгі, карбол немесе сілті ерітіндісінде даярланған генциан күлгіні қолданылады. Бұл бояулармен барлық микробтар клеткасы бояла береді. Бірақ микробтар цитоплазма-сының құрылысы барлығында бірдей бола бермейді. Кейбір микробтар клеткасы бояу-ларға талғампаз келеді. Егер де олардың бір тобы бір бояумен боялса, қалған кейбір топтары бұл бояумен боялмайтын болады. Міне микроб клеткаларының осындай қасиетін ескере отырып, бояудың күрделі түрлерін қолдану іске асырылады. Күрделі бояу әдісте-рінен зертханалық жағдайда Грам әдісі, Циль-Нильсен, Козловский әдістері қолданылады.
Грам әдісімен бояу. Бұл әдісті 1988ж. Дания ғалымы Грам ұсынған болатын. Осы әдіс-пен боялу және боялмауына байланысты микробтарды Грам оң, Грам теріс деп үлкен екі топқа бөледі. Бұл әдістің мәнісі мынада: трифинилметан қатарындағы бояулар, мыса-лы, генцианвиолет, метилвиолет, кристаллвиолет протоплазмадағы рибонуклеин қышқы-лы магний тұзы бар жерде йодпен қосылғанда спиртте ерімейтін күрделі қосылыс түзеді. Осылай боялған бактериялар артынан спиртпен өңдегенде бояу кетпей, көкшіл-күлгін түске боялған күйі қалып қояды. Бұл Грам оң бактериялар. Бұған көптеген шар тәрізді бактериялар, таяқша тәрізді бактериялардың біраз түрі, мәселен Bac. subtilis, Cl. Pas-teurianum, т.б. жатады.
Кейбір бактериялар клеткасында мукополисахарид және фолифосфат нуклеотид қосы-лыстары өте аз болады және оларды липопротеидтен тұратын екі қабат қоршап жатады да, генцианвиолет және йод оған өте жәй енеді және онымен мықты байланыс түзе алмайды. Препаратты жуған кезде ол спиртте тез еріп, клеткадан – шайылып кетеді. Бактериялар түссізденіп қалады. Оларды басқа бояумен бояса, сол түске бояла береді. Бұндай бактериялар Грам теріс деп ажыратылады.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
1. Бактериологиялық бояулардың жіктелуі
2. Дайындау технологиясы.
Сабақтың қорытындысы: конспект жазу, мазмұндау, глоссарий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет