Сабақтың типі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: слайд Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



бет7/8
Дата04.12.2023
өлшемі61.38 Kb.
#485383
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
жжееее 4класс

Тексерілді: __________
Күні: 19.04.2016


Тәрбие сағатының тақырыбы:Қан аққанда алғашқы медициналық көмек көрсете
білуге дағдылану
Тәрбие сағатының мақсаты: қан кету кезінде алғашқы көмек көрсете алады, алғашқы көмек
бергенде не істеу керектігін біледі, үйренеді.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: алғашқы көмек көрсету кезіндегі қолданатын заттар.
Қан кетулердің түрлері
Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды. Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады.Сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:
капиллярлық – сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;
күре тамырлық – терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;
артериялық – терең кесілген, тесілген жарақаттану кезінде; артериялық қою қызыл түсті қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады;
аралас – жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.
Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату
Қан кетуді тоқтату үшін:
жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;
қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай 4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –саусақтардан денеге орайды;
қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса, жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан, әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі. Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге болмайды.
\ Жарақат орнына «суық» (мұз, қар салынған немесе суық су құйылған резеңке қапшық, суық басуларды) басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет