Бағдаршам
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып – қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі :
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты.
Міндеттеу белгісі :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
\
ЖОЛЫ БОЛСЫН ӘРКІМНІҢ, ОРЫНДА ЖОЛ ТӘРТІБІН!
Сабақ мақсаты:
1.Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау.
2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам, машина.
Ұйымдастыру.
Көрініс.
МАИ қызметкері :Балалар, біздің Жаңаөзен қаламызда кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді?
Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын.
(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.)
МАИ қызм: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер екен.Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар.
(«Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.)
МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау!
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін.
Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді)
МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма?
Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді)
МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не?
(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.)
Жасыл түс: Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін
Біліп алдым мен де
Жасыл жанса демде
Алға кетем лезде
Сары түс: Сары жанса сабыр
Сақтай тұрам әзір
Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның жағдайын білейін.
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.)
Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын.
Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады)
Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін.
МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады)
Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр.
МАИ қызм: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой.
Хормен(балалар) Дауласуды қояйық,
Жарықтарды жағайық
Бағдаршам-ау, бағдаршам,
Достасып тату болайық.!
МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар?
Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы,а?
1-оқушы: Амансың ба, қоянжан!
Қорықпағын сен жолдан.
Үйретеміз барлығын,
Білеміз біз бағдаршам
2-оқушы: Мынау тұрған бағдаршам
Қызыл, сары, жасыл шам
Кезекпенен жанады
Ұғып алғын, қоянжан!
3-оқушы: Қызыл түс жанғанда,
Баспа қадам сен алға
Сары түсі жанғанда
Дайындалып тұр мұнда!
Жасыл түсі жанғанда
Жорта бергін сен жолда!
МАИ қызм: Қоянжан , сенің білмейтінің әлі көп. Сен, біздің балалар көше белгілері туралы не біледі екен,тыңдап отыр.
Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді.
Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі
Ал біздердің жол жүру ережелерімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз көшелер мен жолдарда қойылатын белгілермен таныстық.
Енді міне, осы алған білімімізді бүгінгі’’Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!’’ атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатымызда көрсетеміз деп ойлаймын.
Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берейік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік, төрелік!
Сабағымыз»Үлгілі жолаушылар» және »Жас инспекторлар» атты топтар арасындағы сайыспен жалғасады.
Топтардың танысуы.
«Үлгілі жолаушылар» тобы:
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен.
«Жас инспекторлар» тобы:
Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік.
-Ендеше, сайысымызды бастайық.
I бөлім. «Көше ережесін білесің бе?»
«Үлгілі жолаушылар» тобына:
1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.
2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам.
3.Автобус деген не? Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы.
4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы
5.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі.
6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек.
7.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция.
«Жас инспекторлар» тобына
1.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені.
2. Маршруттық көлік құралы деген не? Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы.
3.Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам.
4. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға.
5.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші.
6.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын.
7.Көлік құралы дегеніміз не? Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы.
II бөлім: Жол белгілері туралы жұмбақ-өлең
I топқа
1.Бір ғажабы-бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді,
Отырады біреуі, біреуі тік тұрады
Неғылған жер бұл өзі?
Айтыңдар кім біледі?
2.Жол астында бір ін бар.
Не екенін кім табар?
Неге онымен адамдар
Арлы-берлі ағылар?
3. Келеді Айбек зулатып
Велосипедтің үстінде.
Барады елді шулатып,
Шынымен ол күшті ме?
Айбекке велосипед тебуге болатын жерді көрсет.
4. Ілулі тұрған не белгі?
Машинаға «Тоқта!» деген белгіберді.
Жол үстіне ақ-қарамен сызылған жолақшамен жаяуларға
«Өтіңдер!» деп белгі берді.
«Жас инспекторлар» тобына:
1. Үлкендер де, кішілер де
Жол белгісіне қарады
Мысықтар да, күшіктер де
Батыл жүріп барады
Бірақ бұл жол
Жиекжол емес,
Құпиясын кім табады?
2. Жолдағы жол белгісі
Теміржолдың белгісі
Белгіде бір жұмбақ бар:
Өткелден де қауіпті
Бұл не нәрсе?
Тауып көр.
3. Тісі ауырды Аманның
Сірә, үйіне жете алмас.
Қандай белгі таба аласың
Мұндай кезде қиналмас?
4. Аудан, мектеп,үй, стадиан
Салынып жатқан жерлерде,
Тура жүрсең түсетін
Шұңқырлар бар жерлерде
Жүйткіген жол үстінде
Қандай белгі тұрады?
III бөлім. Машинамен жолда жүру ережесін көрсету.(Әр топ капитандары машина жүргізеді)
IY бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру.
1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің?
Y бөлім. Топтық жұмыс.’’Кім жылдам?’’ (Әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді)
1.Ай серігі
2.Малдың үйі
3.Табиғат құбылысы
4.Жолаушы таситын көлік
5.Жаяу жүргіншілер жолы
6.Көлікті басқаратын адам.
7.Үй құсы
1.Үй жануары.
2.Ең жақын адам.
3.4+4
4.Жеті күн
5.Жол қозғалысын реттейтін адам.
6.Автобус, трамвай.
7.Жаяу жүргіншілер жолы.
8.Көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені.
9.Үш көзді құрылғы.
YI бөлім. «Қызықты суреттер». Оқушылар екі суреттен 7 айырмашылық табады.
Қоян: Рахмет, сендерге, балалар, мен көп нәрсе үйреніп қалдым. Енді жол ережесін бұзбаймын.
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен.
Бағалау.Қонақтарға сөз беру.
Марапаттау.
|
Тексерілді:________
Күні: 05.05.2016ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану
Мақсаты: Оқушыларды жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен танысады. алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысы қалыптасады; Достыққа, адамгершілікке, біріне - бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: оқуға қажетті материалдар, жгут, шина, дәрі - дәрмек түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу
Оқу құралдарын тексеру
ІІ. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
- Жарақат алу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Алғашқы көмек деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сұрақтар жинақталып, анықтама шығару.
«Алғашқы көмек – адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек.»
Жарақат түрлерін тақтаға жазу:
Қан кету, сыну, естен тану, улы заттардың әсерінен естен айрылу, күю, электр жарақаты, үсу, газбен улану. (Мағлұматтар алынып, оқытушының көмегімен толықтырылады).
Демонстрация: ширатпа салып көрсету.
Студенттерге жұптасқан түрде ширатпа салу тапсырылады. Оқытушы бақылап, қажет жерінде түзетеді. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданған кезде міндетті түрде қан тоқтататын жгут немесе сол қызметті атқара алатын заттарды қолдану қажет. Студенттерден сол заттардың атаулары сұралады: орамал, белдік, сүлгі, киімнен жыртылып алынған мата, шиыршықталған жіп.
Демонстрация: жгут салу.
- Не себептен жгутты салған уақытты белгілеу қажет?
- Жауабы, 1, 5 сағаттан артық жгутты тартып қойса, аяқ, қол сал болып қалады немесе тіпті ұлпалары өліп кетеді.
Сынық.
Тұтас сүйектің түгелдей немесе шамалап бұзылуы. Сынықтар екі түрлі болады – ашық және жабық.
Алғашқы көмек көрсету.
Зақымдалған сүйекті қозғалмас үшін иммобилизация жолымен қол аяқты шинамен бекіту немесе кез келген соған жарайтын заттармен: таяқты, ағашты пайдалану. Егер ашық сынық кезінде жара болса, оған антисептикалық ширатпа қойылады.
Демонстрация: шина салу.
Студенттерге жұптасып шина қою жұмысын жасату.
Естен тану (талу).
Аяқ астынан аз мерзімге есін жоғалту, жүрек қағысы мен тыныс алуы қалыпты, мидың қанының аздығы байқалады.
- Естен тану қай уақытта болуы мүмкін?
Студенттердің дұрыс жауабын тақтаға жазу.
- Қатты ашуланудан, қорқудан, шаршағаннан, күн өткенде, ашыққанда ыстық бөлмеде ұзақ отырғаннан адам есінен танады.
Алғашқы көмек:
1. Ауру адамды қан басқа құйылу үшін басын төмен қойып, аяғын жоғары көтеру керек.
2. Жылы көрпе жабу немесе керісінше денесін салқындату үшін киімін шешу, омырауын ашу.
3. Терезені ашу.
4. Мүсәтір спиртін иіскету немесе бетіне суық су бүрку.
5. Есінен танған адам ұзақ уақыт өзіне келмеген жағдайда қолдан тыныс алдыру және жабық жүрек массажын жасау.
6. Ауру өз - өзіне келіп ес жинай бастағанда валериан тамшысын беру.
Электрожарақат.
Электрожарақат кезінде адамды тірі алып қалу үшін алғашқы көмектің дер кезінде көрсетілуі аса маңызды роль атқарады. Не үшін резина қолғап кию керек? Естен тану кезінде қолдан тыныс алдыру әдісі қолданылады.
Қолдан тыныс алдыру – күшпен өкпені желдету, өкпеге ауа жіберіп, өкпеден ауаны шығару. Ең көп тараған «ауыздан - ауызға» әдісі.
Демонстрация.
Қолдан тыныс алу әдісін қуыршақты пайдаланып жасалып көрсетіледі. Үш терең тыныс жіберіледі де 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе қуысынан басады. Бірнеше рет қайталайды.
ІҮ. Қорытынды. Тестік жұмыс.
1. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?
а) ауруханада
б) дәрігер келгенде
в) дәрігер келгенше немесе ауруханаға жеткізгенше
2. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?
а) жгут, киімдер
б) мақта
в) дәрі
3. Сынықтың түрі
а) жабық
б) ашық
в) ашық және жабық
4. Қолдан тыныс алу әдісі қай кезде қолданылады?
а) қан кеткенде
б) естен танғанда
в) сынғанда
5. Қолдан тыныс алу әдісін қалай орындайды?
а) 3 рет терең тыныс жіберіледі
б) кеуде тұсынан басады
в) 3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе тұсынан басады.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау
Тексерілді: _________
Күні: 17.03.2016
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: теміржол өтпелері
Сабақтың мақсаты: теміржол өтпелерінің түрлерімен танысады, теміржол өтпелері жайлы біледі. Теміржол өтпелерінен өткенде қауіпсіздік ережелерін біледі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілгі: теміржол вокзалы, өтпелерінің суреттері
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Теміржол өтпесі- жолдардың темір жолдармен бір деңгейде қиылысуы. Жол учаскесінің жақын жердегі рельстен10м арақашықтықтағы сызықпен көрсетіліп шектелген учаскесі өтпенің шекарасы болып табылады.
Теміржол өтпесі ережеге сай теміржол рельсімен бір деңгейде орналасқан ағаш төсем
немесе басқа да қатты төсем түрлерімен жабдықталады.Сонымен бірге теміржол өтпесі түн мезгілінде жарықпен қамтамасыз етілуі қажет.
Теміржол өтпелері реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді.
Реттелетін теміржол өтпесі бағдаршаммен,шлагбауммен жабдықталады.Бұндай өтпелерде
теміржол кезекшісі кезекшілік қызметін атқарады.
Реттелмейтін теміржол өтпесіне бағдаршам және шлагбаум орнатылмайды.Теміржол өтпесінде бірнеше теміржолдар болған жағдайда поезд өтсімен жүргізушіге қозғалысын жалғастыруға
болмайды.Мұндай жағдайда қарсы бағыттағы темір жол бойында поездың жоқтығына көз жеткізіпқозғалу қажет. Өтпеде берілісті айырбастауға болмайды. Себебі көлік құралының өшіп қалуы, соның салдарынан көліктің теміржол өтпесінде тұрып қалуы мүмкін. Көлік құралдардың жүргізушілері теміржол өтпелерінен поезға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып қиып өтулеріне болады.Көлік құралдарынаң жүргізушілер кез келген теміржолдарды арнаулы жабдықталған темір жол өтпелерінен қиып өте алады. Теміржолдарды теміржол өтпелерінен тыс жерлерден өту жол көлік оқиғаларына немесе темір жолдардың істен шығуына әкеліп соқтырады.
Көлік құралынаң жүргізушісі теміржол өтпесіне жақындаған кезде жол белгілерінің бағдаршамдардың, жол таңбаларының, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын
басшылыққа алуға, жақындап қалған поездың (локомотивтің, дрезинаның) жоқ екендігіне көз
жеткізуге міндетті.Жүргізуші теміржол өтпесіне жақындаған кезде теміржол өтпесіндегі қозғалыс қауіпінің дәрежесін бағалап, (өтпе төсенішінің жағдайын, тәуліктің қараңқы мезгілін, көріну жағдайының шектелуін) қозғалыс шапшаңдығын таңдау қажет.
Өте қауіпті саналатын теміржол өтпелерінде (мысалы, көрінуі шектеулі) қосымша 2.5 аялдамасыз қозғалысқа тыиым салынады жол белгісі орнатылуы мүмкін.
Мынадай жағдайларда өтпеге шығуға тыйым салынады:
шлагбаум жабық тұрғанда және ол жабыла бастағанда (бағдаршамның сигналына қарамастан);бағдаршамның тыйым салатын сигналы
кезінде (шлагбауымның орналасуына немесе оның бар екендігіне қарамастан);
Өтпе бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге кеудесін немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерілген
қолында – жезл, қызыл фонарь немесе жалауша, не екі жағында қолдарын созып);
Егер өтпенің арғы жағында жүргізушінің өтпеде аялдауға мәжбүр ететін
тығылыстан қозғалыс тоқтап тұрса;
Егер өтпеге көріну шегінде поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса.
Бұдан басқада тыйым салынады:
Теміржол жолдарын теміржол өтпелерінен тыс жерлерден өтуге;
Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығып, жол өтпесі алдында тұрған көлік құралын
айналып өтуге;
Шлагбауымды өздігінен ашуға;
Теміржол өтпесі арқылы ауыл шаруашылығы жол құрылыс және басқада машиналар мен механизімдерді көлік емес жағдайда алып шығуға;
Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда жүргізуші тоқтау сызығының, 2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда теміржол өткелі шекарасында аялдауы тиіс.
Өтпесінде амалсыз аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды түсіруі және өтпені босату үшін шаралар қолданылуы тиіс. Сонымен бір мезгілде жүргізуші мыналарға міндетті:
Мүмкіндік болған кезде теміржол бойымен екі адам екі жаққа өтпеден 1000 м. (егер біреу болса, онда жолдың нашар көрінетін жағына) оларға жақындап келе жатқан поездің (локомитивтің, дрезинаның) машинисіне аялдау сигналын беру Ережесін түсіндіріп жіберуге;
Көлік құралының қасында қалып және дабыл қағу сигналдарын беруге;
Поезд көрген бойында аялдау сигналын беріп оған қарсы жүгіруге;
Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіс ашық түсті матаның қиындысымен немесе қандайда болмасын жақсы көрінетін затпен, түнде – шырақпен немесе фонарьмен ) аялдау сигналы болып табылады. Бір ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.
Теміржол өтпесінде көлік құралының ақауына немесе басқада жағдайларда тұрып қалған кезде, теміржол өтпесін босату үшін, адамдардың көмегін немесе от алдыру қолсабымен (рукоятка) қозғалтқышты айналдыру арқылы немесе басқа көлік құралымен сүйрету қажет.
Теміржол әкімшілік-техникалық бөлімше бастығының рұқсатымен
теміржол өтпелер арқылы қозғалуға ені 5 метрден артық және биіктігі жол бетінен 4,5 метрден артық (жүгімен немесе жүксіз);
Жылдамдығы 8 км/сағ кем баяу жүретін машиналарды, сондай-ақ трактор шана сүйретпелері қозғалысына;
Ұзындығы бір тіркемемен 20 м артық ал екі немесе оданда көп тіркемелермен 24 м, автопездарға;
Өте ауыр жүктерді тасмалдайтын арнаулы көлік құралдарына рұқсат етіледі.
Теміржол өтпесінен өтуге рұқсат алу үшін тапсырыс беру уақыты 24 сағаттан кем болмауы тиіс.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Үй тапсырмасы
Ү. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |