Сабақтың типі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: слайд Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi



бет3/8
Дата04.12.2023
өлшемі61.38 Kb.
#485383
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
жжееее 4класс

Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнің бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргізушісі ретіндегі кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы «Жол жорісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» № 1196 қаулысымен бекітілген жол қозғалысының Ережесiн өрескел бұзбаған.


Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналар рұқсат етілмейді:
1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
16. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
17. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
18. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

ІІІ. Қорытынды


ІҮ. Үйге тапсырма
«Көлікте» тақырыбында шағын эссе жазу
Ү. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау

Тексерілді:_________


Күні: 08.04.2016ж
Пәні: Еңбекке баулу

Тақырыбы: ЖКО-да зардап шеккен балалар жарақаттарының негізгі түрлері мен себептері


Мақсаты: оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда, әр түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсете алады. Оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығы артады.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа даярлық
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық

  1. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайды көрдіңдер ме? Сендер қандай әрекет істедіңдер?

  2. Дәрігер келгенге дейін қандай алғашқы жәрдем көрсете аласыңдар ма?

ІІІ. Жаңа сабақ
а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту
Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда, әр түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету түрлерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

  • Жарақаттанған адамдарға қалай көмектесу керек?

Ол үшін жарақатты өңдеу тәсілдерін білген жөн. Жаралыларға қолданылатын асептик және антисептик дәрі-дәрмектерді білуге тиіссіңдер.

  1. Асептик – таза, яғни миробтарсыз деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қолды жуып, жарақатты таза күйінде ұстауды ойластыру қажет.

  2. Антисептик – микробтарға қарсы химиялық дәрілерді немесе басқа да шараларды (лазер, электр тоғы, т.б.) қолданып, микробтарды өлтіру деген ұғым.


  • Жарақатты емдеу шаралары:


  1. Жарақатқа ауадан, лас заттардан микробтар жұғуына жол бермеу.

  2. Олардың алдын алу үшін химиялық дәрілер (спирт, йод, сутегі тотығы, марганец ерітіндісі, антибиотиктер, т.б.) қолданылады.

  3. Жарақатты неғұрлы ерте өңдеудің және оны таңып тастаудың пайдасы өте зор.

  4. Ауру сезімін бәсендету мақсатында ауыртпайтын дәрілерді жарақаттанған кезде ең алғашқы жәрдем ретінде пайдаланған жөн.

  5. Адамның басы, омыртқа жотасы зақымданғанда оны қозғалтпау амалын қарастыру – ең алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негізгі шарты.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

  • Жараларды өңдеу тәсілдері. Асептик және антисептик шаралары.

  • Жарақаттанған кезде ауруды бәсеңдету тәсілдері.

  • Басты ауыртып алған және омыртқа зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

Ү.Бағалау
ҮІ.Үй тапсырмасы: Жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдемнің түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет