Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:
1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен апаттық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
5) тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi. Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз біртұтас материалдан жасалуы тиiс;
6) шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары;
7) жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
5. Автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына қарай жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргiзiледi.
6. Сыртқы шанақты жуу ауысым аяқталғаннан кейiн өткізіледі.
Балаларды тасымалдау тәртібі
1. Автобуста тасымалданатын балалардың саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспауы тиіс.
2. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
3. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың қозғалыс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
4. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
5. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) рұқсат етілмейді.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы білім беру ұйымдарына дереу хабарлауы керек.
6. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы білім беру ұйымдарымен келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы білім беру ұйымдарын хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
7. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi балаларға рұқсат етiледi.
Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi қызметкерлерімен, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды алмастыратын тұлғалармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |